Әулиеағаш орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»
Өткізген: физика пәнінің мұғалімі
Жаксылыкова Арайлым Болатханқызы
Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта
Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
«Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.
Сабақ міндеттері.
кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу
Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;
Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет
Ом заңын қолданып есеп шығара білу;
Сабақ жоспары.
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)
ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.
ІV. Есеп шығару
V. Үй тапсырмасы.
VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |