Төле би мен Түлкі бала
Үйсін Төле би кіші жүз Алшын Әйтеке биге қонаққа келіпті. Әйтеке жақсы қарсы алмапты. Төле өкпелеп қатып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:
Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді, депті Әйтеке
Рұқсат етсеңіз, барайын, дейді Түлкі деген бала.
Бала салт атқа мініп, алдынан орағытып шығып, сәлем беріп де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.
Бір кезде Төле:
Ай, балам, жол болсын! дейді.
Әли болсын, дейді бала.
Рұқсат етсеңіз, ір сұрағым бар еді. Үш жүз кім?
Қазақтың үш баласы бар, үшеуі ағайынды.
Ағайынды кісі өкпелесе, немен тарқайды?
Ағайын өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып көрумен-ақ тарқайды.
Ерлі-зайыпты кісі өкпелесе, немен тарқайды?
Олар күндіз өсекпен арадасады, түнде төсекпен татуласады.
Ағасы інісіне өкпелесе ше?
«Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бас болады, деген екен Төле.
Төрелігіңізге құлдық,ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып қонақ болып, қайтуыңызды сұрай келдім, дейді Түлкі бала.
Бетің қайпаған бала екенсің,бір ашуымды байладым, деп,Төле би кейін бұрылған екен сонда.
Достарыңызбен бөлісу: |