ӘЙЕЛДІ ҚОРСЫНБАҢДАР.
Алыс жолдан үй ішін сағынып келе жатып, аулына жақындағанда Сырым жолдастарына:
Қаттырақ жүріңдер, бүгін ауылға жете қонайық,— дейді.
Сырымпың әйелі ажарсыздау адам екен. Жолдастары соны әзілдеп, Сырымға естіртпеген болып:
Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай әдемі әйеліне асығып келеді екен!— депті.
Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:
Жігіттер, әйелді қорсынбаңдар,
Әйелсіз ерге күй бітпейді.
Қойды «қой» деп қомсынбаңдар,
Қойсыз елге үй бітпейді.
Астымдағы қара атым — тұлпарым,
Қасымдағы қара әйелім -- сұңқарым,--
деп желе жөнелген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |