Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет217/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы


3 және 5-тармақтарымен көзделген "Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтату" және "Парламент депутатын өз мандатынан айыру" деген ұғымдарды, соларға әкеп соқтыратын негiздердiң сипаты бойынша ажыралатын, Парламент мүшесi депутаттық өкiлеттiгiн жоғалтуының Негiзгi Заңмен белгiленген нысандары деп түсiнген жөн.
Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бұл мәселелер жөнiндегi қаулыларының заңдық салдары – депутат мандатын жойылды деп тану, Қазақстан Республикасы Парламентi Палатасының құрамынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау тағайындайтын конституциялық мерзiм осы сәттен бастап есептеледi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы
5-тармағы, Парламент депутатына қатысты соттың күшiне енген айыптау үкiмiнiң кез келген түрi болған жағдайда, Палата Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабы 1-тармағына сәйкес оны мандатынан айыру туралы қаулы қабылдайтынын бiлдiредi. Мұндай қаулының қабылданбауы, депутаттық өкiлеттiк сақталуына немесе қалпына келтiрiлуiне әкеп соқпайды.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет