Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет214/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi делiнген 2-бабы 2-тармағын, оның аумағын бөлшектеуге, мемлекеттiң келiсiмiнсiз табиғи ресурстарды пайдалануға және Қазақстан аймақтарының мәртебесiн өздiгiнше өзгертуге жол бермеушiлiк, мемлекеттiк шекараның мызғымастығы және мемлекеттiң ұлттық мүддесi мен егемендi теңдiгiне нұқсан келтiретiн аумақтық шегiнiмге тыйым салу деп түсiнген жөн.


Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдiктердi орналастыру үшiн жер учаскелерi шет мемлекеттерге жалға беру шартымен пайдалануға берiледi. Өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi орналасатын аумақта шет мемлекеттердiң юрисдикциясы халықаралық құқықпен танылған және Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы
2-тармағында баянды етiлген аумақтың егемендiгi, тұтастығы, қол сұғылмауы және бөлiнбеуi принциптерiн бұзбайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы
3-тармағы, жер қатынастарын реттеу құқығы мемлекетке тиесiлi екенiн, ол меншiктiң және жер айналымының құқықтық режимдерiн белгiлейтiнiн бiлдiредi. Жердiң жеке меншiкте болуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, сондай-ақ оның субъектiлерi мен объектiлерiн заң шығарушы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдiктердi орналастыру үшiн шет мемлекеттерге жер учаскелерiн пайдалануға беру, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет