Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет211/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   332
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 4-тармағына сәйкес депутаттардың құқықтық жағдайы, олардың өкiлеттiк мерзiмiнiң басталуын қосқанда, конституциялық заңмен регламенттеледi.


"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 5-тармағындағы "кандидат сайланды деп есептеледi" деген сөздер сайлау қорытындысы шығарылғаннан кейiн сайланған адамдарды депутат ретiнде дереу тiркеу мiндеттiлiгiн көздемейдi.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағында Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi – бес жыл деп белгiленген. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары өкiлеттiгiнiң бұл шектi мерзiмi кезектен тыс сайлауда сайланған депутаттар үшiн де белгiленедi.
Парламент таратылғаннан кейiн өткiзiлген кезектен тыс сайлауда Сенат депутаттарының жартысы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 2-тармағына сәйкес, үш жыл мерзiмге сайланады.
Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын Сенат депутатының өкiлеттiк мерзiмi, Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 5-тармағына сай – алты жыл. Бұл депутаттарды кезектi тағайындау олардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн әр алты жыл сайын жүргiзiлiп отырады. Егер тағайындалған депутаттардың бiрiнiң осы мерзiм iшiнде өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылатын болса, онда оның орнына тағайындалған адамға өкiлеттiк алты жылдық кезең аяқталуына дейiн қалған мерзiмге берiледi.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағына сай депутат оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ғана қол сұғылмаушылыққа ие, өкiлеттiк тоқтатылғаннан кейiн ол жалпы негiзде тиiстi жауаптылыққа тартылады.
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағындағы "мандат" сөзiн, депутаттың Орталық сайлау комиссиясының тiркеуi арқылы заңды түрде ресiмделген өкiлеттiгi деп түсiнген жөн. Конституцияның бұл нормасының мәтiнiндегi "мандаттан айрылады" деген сөздер мағынасы бойынша "өкiлеттiктен айрылады" деген сөздерге бара-бар.
6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
7. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет