Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет207/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне республика Парламентiнiң бiр топ депутаттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 4-тармағын, 71-бабы


5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы 3-тармағын және
15-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiш жасады. Өтiнiш субъектiсi Конституцияның осы аталған баптарының нормаларын мынадай мәселелер тұрғысынан түсiндiрудi сұрайды:
1) Конституция нормаларында жазылған "ауыр қылмыстар" деген сөздердi тиiстi кезде қолданыста болған Қылмыстық кодекстегi қылмыстың анағұрлым ауыр санаты ретiнде түсiну
керек пе;
2) Конституцияның 15-бабының 2-тармағында жазылған "аса ауыр қылмыстар" деген ұғымды ауыр қылмыстар iшiндегi жасалғаны үшiн қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес айрықша ауыр өлiм жазасы тағайындалу мүмкiн қылмыстар тобы ретiнде түсiну керек пе;
3) Конституцияның аталған нормалары қол сұғылмаушылығы Конституцияда баянды етiлген, бұрын қылмыстық жауапқа тартылған және ауыр қылмыс жасады деген айыптау бойынша тұтқынға алынған адам әрекетiнiң саралануы өзгерген жағдайда тиiстi органдардың мiндеттi түрде келiсiм беруiн
көздей ме.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы
4-тармағын, 71-бабы 5-тармағын, 79-бабы 2-тармағын, 83-бабы
3-тармағын және 15-бабы 2-тармағын өтiнiште қойылған сұрақтарға қатысты ресми түсiндiрген кезде Конституциялық Кеңес
мынаны ескердi:
1. Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы
5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының, 83-бабы 3-тармағының және 15-бабы 2-тармағының нормаларынан қылмыстың ерекше ауыр және ауыр қылмыс болып бөлiнетiнi келiп шығады. Бұл аталған санаттардың ұғымын топтастыру және айқындау қылмыстық заңнама аясына жатқызылған.
Жоғарыда аталған конституциялық нормалардан келiп шығатыны, бұларда көрсетiлген санаттардың iшiнде ерекше ауыр қылмыс қоғамдық қауiптiлiктiң ең жоғары дәрежесiне ие.
Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы
5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының нормалары, ауыр қылмыс жасалған ретте тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiн алу қажет емес деп белгiлейдi.
"Ауыр қылмыс" санатының атап өтiлуiн қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн белгiлеу деп түсiну керек, бұл, егер тұлға ауыр қылмысқа қарағанда жеңiлдеу қылмыс жасаған жағдайда, тиiстi органдардың келiсiмi болуы мiндеттi екенiн, және, керiсiнше, ауыр қылмыс және ең қауiптiсi – ерекше ауыр қылмыс жасаған кездердiң бәрiнде келiсiмнiң қажет еместiгiн бiлдiредi.
2. Конституцияның 15-бабы 2-тармағын түсiндiрген кезде оның мағынасын және бұл норманың Конституция құрылымындағы мәтiнiн ескерген жөн.
Конституцияның "Адам және азамат" деген II бөлiмiнде орналасқан 15-баптың 2-тармағында, ешкiмнiң өз бетiнше адам өмiрiн қиюға хақысы жоқ. Өлiм жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы арыздану құқығы берiледi, деп белгiленген.
Ең ауыр жаза жөнiндегi норманы шектемелi деп санаған жөн, өйткенi ол ауырлығы басқа дәрежедегi қылмысқа емес, тек ерекше ауыр қылмысқа ғана қолданылады. Өлiм жазасы тағайындалуы мүмкiн ерекше ауыр қылмыстың нақты құрамын қылмыстық заңнама айқындайды. Бұл ретте ерекше ауыр қылмыс үшiн заңда өлiм жазасынан басқа да жаза белгiленуi мүмкiн.
3. Қол сұғылмаушылығы Конституциямен баянды етiлген, тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бұдан бұрын оған қатысты сұралмаған тұлғаның әрекетi ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстан ауырлығы жеңiлдеу қылмысқа қарай сараланып өзгерген кезде, тұтқынға алынатын және қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жағдайда, Конституцияның 52-бабы 4-тармағының, 71-бабы
5-тармағының, 79-бабы 2-тармағының және 83-бабы 3-тармағының талаптарына орай қол сұғылмаушылықтан айыру тәртiбi туралы ережелердi сақтау мiндеттi деп санау керек.
Конституциялық Кеңес, тұтқынға алудың тәртiбi, "қылмыстық жауапқа тартудың" мазмұны және соларға байланысты мәселелердi регламенттеу, заңмен реттеу нысаны деп есептейдi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, 31-33 және 37-бабын , 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет