Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


С.Датов (1783-1797 жж.) бастаған көтеріліс



бет16/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

С.Датов (1783-1797 жж.) бастаған көтеріліс
Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған болатын.Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады». Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.
Көтеріліс себептері: Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.

  • Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

  • Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

  • Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды. Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына қалай қаласа, солай бөліске салды. 
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет