Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет18/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

Көтеріліс қорытындылары: 1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.
Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып шығатын еді.
Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру, сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды. Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқан көрінеді


Тайманов және М. Өтемісов (1836-1838 жж.) бастаған көтерілістер
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
«Өздеріндей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім,
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім!», —
деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет