Стандарттаудың негізгі мақсаттары:
Стандарттау жүйесі өзінің жұмысын жүзеге асыру үшін келесідей мақсаттарды орындауы қажет:
өнімге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;
өнімнің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
саудада техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
өнімнің техникалық және ақпараттық сыйсымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;
өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;
елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногендік аппаттармен басқада төтенше жағдайлардың туындау қауіпін ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
Осы жоғарыда аталған стандарттау мақсаттарына жету үшін мемлекеттік стандарттау жүйесінде келесі негізгі мәселелер шешілуі тиіс:
тұтынушы мен мемлекет мүдделігіндегі өнімнің номенклатурасы мен сапасына оңтайлы талаптарды белілеу;
сыйсымдылық (электр, электрмагниттік, ақпараттық, бағдарла- малық және т.б.) және өнімнің өзара алмасушылығы жөніндегі талаптарды белгілеу;
дайын өнім, оның элементтері жинақтайтын бұйымдар, шикізаттар мен материалдар көрсеткіштері және сипаттамаларды келісу мен үйлестіру;
параметрлік және тұрпатты өлшемді қатарларды, базалық конструкцияларды, бұйымдардың сәйкестендірілген блокты үлгіше құрамдық бөлігін қолдану және белгілеу;
метрологиялық нормалар, ережелер және талаптарды белгілеу;
өнімді өндіру, бақылау, сынау, талдау, сертификаттау арқылы өнім сапасын бағалауды қамтамасыз ету;
техникалық-экономикалық ақпаратты жинақтау және кодтау, каталогтау жүйесін және өнімнің сызықшалы кодын жүргізу;
мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, ғылыми техникалық бағдарламаларды, инфроқұрылымдық кешен- дерді (көлік, байланыс, автомобиль жолдары, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, бақылау), Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімдерді нормативтік қамтамасыз ету;
нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің заңдылықтарымен үйлестірілген техникалық заңдылықтарды жетіл- діру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорының ақпараттық жүйесін ДСҰ (ВТО) мен өзара қатынас орталығын жетілдіру;
стандарттарды әзірлеу, қабылдау және қолданудың халықаралық тәжірибесіне өту;
нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын және міндетті ережелерін сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |