Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет20/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

сауатсыздықты
  жою  болды.  1919  жылы  26  желтоқсанда  РСФСР  халқы 
арасында  сауатсыздықты  жою  туралы  Халық  Комиссарлары  Кеңесiнiң  заңы 
қабылданды.  Сол  Заң  бойынша  8  ден  50  жасқа  дейiнгi  оқу,  жазу  бiлмейтiн 
барлық  еңбекшi  халық  ана  тiлiнде  немесе  қалауы  бойынша  орыс  тiлiнде 
сауатын ашуға мiндеттi болды. Осы Заң негiзiнде Қазақ АКСР Орталық Атқару 
Комитетi  1921  жылғы  тамызда  16  жастан  50  жасқа  дейiнгi  сауаты  бар,  көңiлi 
ояу,  көзi  ашық  адамдарды  сауатсыздықты  жою  жөнiндегi  жұмысқа  тарту 
туралы қаулы алды. 
 
1920-1926  жылдарда  республикада  245  мыңнан  аса  адам  сауатын  ашты. 
1930  жылғы  ақпанның  11-де  Қазақ  АКСР  Орталық  атқару  комитетi 
сауатсыздықты  мiндеттi  жою  туралы  заң  қабылдады.  Осы  жылдың  1-шi 
сәуiрiнде  республикада  сауатсыздықты  жоятын  1285  оқу  орындары  жұмыс 
iстеп,  оларда  248  мың  қазақ  оқыды.  Жалпы  мәлiметтер  бойынша  1926  жылы 
Қазақстандағы  сауаташқандардың  үлес-салмағы  25,2  пайызды  құраса,  1939 
жылы бұл көрсеткіш 83,6 пайызға жеткен. Республикада шала сауаттылар мен 
сауатсыздарға  және  олардың  мұғалiмдерiне  арналған  “Төте  оқу”  деген  газет 
шығарылып тұрды. 
 
Осы  жылдары  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептер  жүйесi  де  жедел  дамыды. 
1921  жылы  желтоқсанда  республиканың  Халық  комиссарлар  кеңесi  мәдени 
мұқтаждықты  жою  үшiн  халықтың  өзiне-өзi  салық  салуы  туралы  шешiм 
қабылдады.  Ол  құжат  бойынша  жергiлiктi  үкiмет  орындарына  мектеп  ұстау 
үшiн  қаржы  жинауға,  оның  мiндеткерлiгiн  белгiлеуге  рұқсат  берiлдi.  Халық 
шаруашылығын  қалпына  келтiру    нәтижесiнде  мектептердiң  жағдайы  бiрте-
бiрте  жақсара  түстi.  Бiрқатар  жерлерде  мұғалiмнiң  жалақысы  жергiлiктi 
болыстардың  қаражаты  есебiнен  төленсе,  ал  жарықты  пайдалану,  оқулықтар 
алу, мектептi жөндеу ауыл шаруашылық және тұтыну қоғамдарының қаржысы 
арқылы өтелiп отырды. 
 
1926  жылғы  мамыр  айында  КАКСР-iндегi  бiрыңғай  еңбек  мектебiнiң 
жарғысы  қабылданды. Ресми деректер бойынша Қазақстанда осы кездегi 1600 
мектептердiң  жайы  қажеттi  талаптардан  әлде  қайда  төмен  болған.  Соның 
iшiнде  ауылдық  мектептерде  оқу  мерзiмi  қысқартылған  болды,  қазақ 
баларының  орыс  тiлiн  үйренуi  үшiн  жетi  жылдық  мектептерге  қосымша 


сегiзiншi  жыл  қосылды.  Бiрiншi  сатыдағы  мектепте  балалар  4  жыл  оқыды. 
Жетiжылдық  мектеп  екi  түрлi  болды:  оның  төрт  жылдығы  бiрiншi  сатыға  сай 
келдi, ал екiншiсi толық емес орта бiлiм бердi. Екiншi сатыдағы мектеп (тоғыз 
жылдық  мектеп)  үш  түрлi  оқудан  тұрды,  бiрiншiсi  мен  екiншiсi  жетi  жылдық 
мектепке сай келдi, ал үшiншiсi толық орта бiлiм бердi.  
 
Көшпелi  және  жартылай  көшпелi  аудандар  үшiн  интернаты  бар 
мектептер,  мектеп-коммуналар  құрылысы,  олардың  бүкiл  тұрмысын 
ұстаздардың,  тәрбиешiлердiң  бақылауымен  оқушылардың  өздерi  басқарды. 
Алғашқы  оқулықтар  Қазан  және  Мәскеуден  алынды.  Қазақ  тiлiнiң  тұңғыш 
әлiппесiн  жасап,  соныдан  iз  салған  жаңашыл  ағартушы  ғалым  Ахмет 
Байтұрсынов  елде  оқу-ағарту  iсiн  дамытуға  үлкен  еңбек  сiңiрдi.  Ол  жазған 
мектеп  оқулықтары  1927-1928  жылдарға  дейiн  пайдаланылып  келдi.  Қазақ 
оқушыларының  ересек  буыны  сауатын  Байтұрсыновтың  “әлiп-биiмен”  ашып, 
ана тiлiн сол автордың “Тiл туралы” кiтабын оқып үйрендi. 
 
1933  жылдан  бастап  бастауыш  мектеп  4-сыныптық,  орталау  мектеп  7-
сыныптық  және  орта  мектеп  10-сыныптық  болып  қайта  құрылды.  Қоғамдық-
саяси  пәндердi  оқытуға  және  оқушыларға  жаңаша  идеялық  тәрбие  беруге 
ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұғалiмдер 
саны  екi  есеге  ұлғайып,  14  мыңнан  31  мыңға  жеттi.  Олардың  10  пайызының 
жоғары, төрттен бiрiнiң орта және 65 пайызының толық орта емес бiлiмi болды. 
 
1925  жылы  республикада  14  педагогикалық  техникум  және  бiрнеше 
халық  ағарту  институты  жұмыс  iстедi.  Орынборда  орыс  тiлiнде  оқытатын 
ПИНО  (практикалық  халық  ағарту  институты),  Семейде,  Алматыда, 
Ташкенттегі  аралас  оқытатын  институттарында  700-дей  оның  iшiнде  550-ден 
астам  қазақ  жастары  оқыды.  1923-1924  оқу  жылында  Орынборда,  Семейде, 
Оралда,  Алматыда  агрономдық  және  мал  дәрiгерлiк-зоотехникалық 
техникумдар, орманшылық мектептерi ашылып, жұмыс iстей бастады. 
 
Қазақтың  тұңғыш  жоғары  оқу  орны  Абай  атындағы  Қазақ  мемлекеттiк 
педагогика  институты  Ташкентте  қазақ  халық  ағарту  институты  негiзiнде 
құрылды.  1928  жылы  ол  институт  Алматыға  көшiрiлдi.  Осы  жылы  Алматыда 
малдәрiгерлiк-зоотехникалық  институты  ашылды.  1932  жылы  Оралда 
А.С.Пушкин  атындағы  педагогика  институты  алғашқы  студенттердi 
қабылдады.  1934  жылдың  15  қазанынан  бастап  казiргi  Әл-Фараби  атындағы 
Қазақ  мемлекеттiк  ұлттық  университетi  ашылды.  1934  жылы  Алматының 
музыкалық-драма  техникумы  оқу  комбинаты  болып  қайта  құрылды.  Қазақ 
медициналық  институты  кеңейтiлдi,  оған  кейiн  жаңа  факультеттер  мен 
клиникалар қосылды.   
 
Бiлiм  саласында  да  билеушi  саяси  күштер  идеологиясының  арнасында 
басқа  халықтармен  қатар  қазақтарды  тарихи  зердесiнен  айыру  үшiн  кең 
көлемдегi  шаралар  iске  асырылды.  Соның  бiрi  1928  жылы  араб  әрпi  латын 
әрпiмен,  ал  1940  жылы  кириллицамен  (орыс  әрпiмен)  жоғарғы  билік 
орындарының  нұсқауымен  алмастырылған  болатын.  Мұның  кесiрiнен  бiр 
ұрпақтың  өмiр  барысында  қазақтың  және  басқа  түркi  тiлдес  халықтардың 
басым  көпшiлiгi  араб  жазуымен  жарық  көрген  ата-баба  мұрасын,  рухани 
байлығын  игерiп,  пайдалануға  қабiлетсiз  болып  қалды.  1920-1930    жылдарда 


араб  әрпiмен  шыққан  басылымдарды  пайдаланғандар  “пантюркист”, 
“панисламист”,  “халық  жауы”  деген  желеумен,  қуғын-сүргiнге  ұшырады. 
Кiтапхана  қорларынан  әкiмшiлiк-төрешiлдiк  жүйенiң  теориясы  мен 
практикасына  мазмұны  қайшы  басылымдар,  ең  алдымен  олардың  iшiнде  араб 
әрпiмен басылғандары аластатылды. 
 
Ресей  үстемдiлiгi  кезiнде  көшпендiлердiң  балаларын  оқыту  үшiн 
салынған  мешiттер  осы  жылдары  қиратылып,  апатқа  ұшыратылды.  Сонымен 
бiрге дiнге қарсы күрес сорақылықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң 
мемлекет  қарамағына  зорлықпен  алынуы,  олардың  қора-жайға,  қоймаға, 
қосалқы  жайға  айналдырылуы,  дiнге  сенушiлердiң  ар-ожданын  аяққа  басып 
қорлау,  адамзаттың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мәдени  және  рухани  өмiрiнiң 
құрамдас  бөлiгi  дiндi  барша  жұртқа  құбыжық  етiп  көрсету  халықтың  орынды 
наразылығын  туғызды.  Мысалы,  Батыс  Қазақстанда  (Орал,  Ақтөбе,  Атырау, 
Маңғыстау облыстарында) 200-ге жуық ел құрметтеген орындар, оның iшiндегi 
мешiттер  бұзылып  талқандалған.  Ойылдағы  Көкжар  жәрмеңкесiнiң  сауда 
орындары мен қоймалары ат қораға берiлсе, ондағы мешiт орны зат қоймасына 
бөлiнген. Ал Шибұлақтағы (Ақтөбе облысының Байғанин ауданы)  жұртқа кең 
танылған  Көк  мешiт  ғимараты  бұзылып,  оның  құрылыс  жабдықтары  Сағыз 
стансасының  (Атырау  облысы)  темiржол  құрылысына  тасымалданып,  орны 
жермен  жексен  етiлген.  Сондай-ақ,  Бекет  Атаның  кіндігінің  қаны  тамған 
Жылыой ауданындағы ата-анасының зираты мен мешіті қиратылып, ол туралы 
ешбір адам тәуелсіздікке қол жеткізгенінше тіс жарып ештеңе айтпады. 
 
ХХ  ғ.    20-40-шы  жылдары  қазақ  елiнiң  ғылымы  дами  бастап,  халықтың 
рухани  қазынасы  бiршама  толықты.  30-шы  жылдардың  аяғында  Қазақстанда 
110  ғылыми-зерттеу  мекемелерi  болды  және  оларда  1727  шығармашылар  
ғылыммен  айналысты.  КСРО  Ғылым  Академиясының  Қазақ  филиалы  болып 
қайта  құрылуы  республикада  ғылымды  жаңа  белестерге  көтеру  үшiн  мол 
мүмкiндiктерге жол ашты. 
 
Осы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнерiнде бiраз оңды өзгерiстер, 
елеулi оқиғалар болды. 1934 жылы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 
I съезi болып, онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң 
М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  I.Жансүгiров,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  Ж.Аймауытов 
сияқты  саңлақтармен  бiрге,  қазақ  әдебиетiнiң  өсiп  келе  жатқан  мол 
жеткiншектер  тобының  бар  екенi  көрiндi.  Келесi  жылы  халық  поэзиясының 
алыбы  Жамбылдың  90  жыл  толуын  бүкiл  Кеңес  елiнiң  халықтары  атап  өттi. 
1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдебиет саласындағы 
шығармашылығының 
20 
жылдығын 
мерекеледi. 
Қазақстанда 
қазақ 
жазушылармен бiрге осындағы басқа халықтардың өкiлдерi, орыс, ұйғыр, татар 
қаламгерлерiнiң еңбектері да кең танылды. 
 
Осындай  жүрекке  жылы,  шырағы  мол  мысалдармен  қатар  ғылым,  өнер 
және  әдебиет  саласындағы  тұлғаларды  жазықсыз  қудалау,  тұтқындап  жер 
аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою көрiнiстерi де жүйелi түрде кең өрiс 
алды.  Осы  жылдарда  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  I.Жансүгiров,  Б.Майлин, 
Ж.Аймауытов,  Қ.Жұбанов  сияқты  қазақ  халқының  зиялы  ұлдары  1937  жылы 
“халық жауы” деген айыппен қасыреттi қудалаудың құрбаны болды. 


 
Республикада  көркем  мәдениеттiң  бөлiгi  кино  өнерi  де  алғашқы 
қадамдарын  жасады.  Шетелдердiң  көптеген  экрандарында  көрсетiлген 
“Түрксіб” киносы (1930 ж.) Қазақстан материалында түсiрiлген алғашқы елеулi 
фильм  болды.  Бүкiлресейлiк  “Востоккино”  тресi  Қазақ  республикасының  он 
жылдық  мерекесiне  арнап  “Дала  жыры”  (1930  ж.),  “Жұт”  (1931  ж.),  “Қаратау 
сыры” (1933 ж.) фильмдерiн қойды. 
 
Дыбысты  “Аманкелдi”  көркем  фильмiнiң  экранға  шығуын  (Ленфильм, 
1938 ж.) ұлттық кино өнерiнiң бастамасы деп санауға болады. Оның сценариiн 
Б.Майлин, В.Иванов және Ғ.Мүсiрепов, сазын - РСФСР өнерiнiң еңбек сiңiрген 
қайраткерi  М.Ф.Гнесин  мен  А.Жұбанов  жазды.  Рольдердiң  бәрiн  дерлiк  қазақ 
артистерi - Е.Өмiрзақов (Аманкелдi), Шара Жиенқұлова (Балым, Аманкелдiнiң 
әйелi),  С.Қожамқұлов,  Қ.Жандарбеков,  Қ.Байсейiтов,  Қ.Қуанышбаевтар 
орындады.  
 
Сөйтiп,  20-шы  және  30-шы  жылдардағы  кездескен  қиыншылық  пен 
кедергiлерге,  қуғын-сүргiнге  қарамастан  Қазақстанның  мәдени  дамуында 
бiрсыпыра iлгерiлеушiлiктер болды. Егер 1937-1939 жылдардағы тоталитарлық 
жүйенiң  халықтың  зиялыларын  қудалауы  болмағанда,  әрине  бұл  табыстар 
мазмұнды және шеңберлi болар едi. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет