Үшіншісі,
сол заманды республиканы отыз жылдай басқарған
Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевты да айналып өтуі мүмкін емес. Қазақстанның
ен ірі орындарын басқарған, өз заманының шын мәніндегі ірі саясаткері
болғанымен, жетпістен асып кеткен жасында, психологиялық жағынан да,
биологиялық жағынан да жаңа жағдайға икемделе алмауы мүмкін екенін
ескермеу болса керек.
Д.Қонаевтың ол кезде ұстанған бағыты тек қана ескіше ойлаудың
салдарынан, орнықтылықты қалай да сақтап қалуға тырысқандықтан ғана емес,
өз өмірінде көп нәрсені бастан кешіп, әбден шаршағандықтан да туындап
жатқан сияқты. Д.Қонаев ол жүйеде жұмыс істей жүре, аса қиын да күрделі
талай жәйттерді бастан өткерген-ді. 70-80 жж. оның өзінің сенімді ортасында
«шаршадым, барлығы жалықтырды, 75-ке дейін істеймін де кетемін…” деп жиі
айтқанын да тұжырым жасағанда ескермеуге болмайды.
Әрине, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жүйеге әбден бейімделген және
сол жүйеге адал қызмет еткен, оның үстіне жасы келген адамның қоғамда
болып жатқан түбегейлі саяси өзгерістерге сай тез бейімделіп кете қойуы қиын
екендігі түсінікті. Дегенмен, Н.Ә.Назарбаевтың: “1980 жылдың басындағы бір
оқиға ойыма келеді. Біз бірде оның ұшағымен республиканың күнгейінен
теріскейіне бардық. Кенет мені қасына шақырып алып: “Біздің республикамыз
қандай үлкен! Шіркін, өз алдымызға дербес мемлекет болсақ қой”, — деп
сыбырлап, саусағымен аузын басты. Мұндай нәрселерді ол ылғи, әуелі, ұшақта
да сыбырлап айтатын. Ойлаймын, ол Саяси бюро мүшелерінің де қыл үстінде
жүргенін білген”- деп жазуы біраз нәрсені аңғартады. Біздің ойымызша оның
табанды негізін мынадай жәйттерден көруге болатын сияқты:
Біріншіден,
өмір бойы сыңаржақты сенім сеніс пен автократиялық
ұстанымдағы саяси партияға адал қызмет еткен Д.А.Қонаевтың да жүрегінің
түпкірінде ел дербестігі, ұлт тәуелсіздігі туралы тарихи үміт және арман
болғандығын дәлелдейді.
Екіншіден,
СОКП-ның сыңаржықты дүниетанымы мен авторитарлық
тәжірибесі, КСРО мемлекеттік құрылымы аясындағы өмір оған әбден сақ
болуды үйреткен. Саяси бюро мүшесінің, яғни ең жоғарғы биліктегілердің
бірінің, Қазақстан сияқты үлкен республиканың бірінші басшысының өзінің ой-
арманын “тіптен ұшақта да сыбырлап айтуы” біздегі ұзақ жылдар бойы
дәріптелген, ұлттар теңдігінің іс жүзінде қай дәрежеде болғандығын көрсетеді.
Н.Ә.Назарбаев кейіннен өзінің Д.Қонаевпен түсініскендігін, оның бұл
дүниеден өтер алдында өзін қолдағандығын да айтқан. Ол: “Кейін елбасы
болған соң, екеуміз талай кездестік. Әйелі қайтыс болғанда, үйіне кіріп
шықтым. Шаруасы шығып қап келем десе, есігімді ашық ұстадым. Кейбір
“бұрынғылардай” емес, Д.Қонаев саясаттан толығымен аулақтап, инабатын
жоғалтпай, өзін ақылды ұстады. Республикада қолға алынып жатқан күрделі
істерді қолдады…ақырғы ұшырасуымыздағы бір сөзі әлі есімнен кетпейді.
“Сенің айтқандарың да, істегендерің де дұрыс болып шықты, Нұрсұлтан. Мен
сен алған бағытты қолдаймын”, — деп жазған Н.Ә.Назарбаев.
Үшіншіден,
Д.А.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде, аса күрделі кезеңде өз
елін басқарып, халқына мүмкіндігінше қамқор болған басшы ретінде, ұлтының
аяулы ұлдарының бірі ретінде Қазақстан тарихынан өз орнын алары күмәнсіз.
Бүгінде Алматыда оның атымен аталған көше, университеттер бар. Орталықта
ескерткіші тұр. Д.Қонаев атындағы қор жұмыс істейді. Кітаптары бірнеше рет
басылып шықты.
Төртіншіден,
КСРО-ның ыдырауына алып келген саяси, әлеуметтік-
экономикалық себептердің тамыры тереңде жатқанымен, оның іс жүзінде
күйреп, тарих қойнауына енуі КСРО-ның тұңғыш және соңғы Президенті
есімімен байланысты екендігі белгілі.
КСРО күйреуін тездеткен саяси себептердің бірі ретінде М.Горбачевтың
бірінші басшы қызметіндегі іс-әрекеттеріне де талдау жасап саясаткерлер мен
зерттеушілер тұжырымдарын келтірген. Сол пікірлер бойынша бұл оқиға
ондаған мемлекеттердің, олардың миллиондаған тұрғындарының тағдырын
күрт өзгерткен күрделі тарихи құбылыс болғаны да дәлелденген. Оның
келешекте терең зерттеліп, жан-жақты зерделенері анық. Дегенмен, бүгіннің
өзінде-ақ өмір, еңбек жарық көргеннен кейінгі уақыт, КСРО-ның соңғы
басшысы туралы жасаған тұжырымдарының негізінен дұрыс екендігін көрсетіп
отыр. Сондықтан соңғы ширек ғасыр тұсында жинақталған мәліметтер адамзат
тарихындағы алып мемлекеттің соңғы саяси басшысы М.Горбачевтың
тарихтағы ролін анықтап, Кеңестер Одағы ыдырауының саяси себептерін
анықтаудағы маңызды және объективті дерек көздерін құрайтындығы күмәнсіз.
Шындығында, М.Горбачев КСРО тарихында кеңес жүйесін түбегейлі
өзгертуді ең мықтап қолға алған алты жылдық кезең осы бір есіммен тығыз
байланысты, оның биліке келуінің уақыт талабынан туындаған құбылыс
екендігі аян. Алайда көп адамның бүгінге дейін түсінбейтіні: күллі өмірі
комсомол-партия жүйесінде өтіп, мінез-құлқына дейін өктемшіл боп
қалыптасқан М.С.Горбачев бұл жүйені құртпай тынбайтын қайта құруға
қалайша бастамшы болды деген сұраққа объективті жауап әзір белгісіз.
Зерттеушілер пікірінше билеуші партияның сенімді мүшесі ретінде де,
саясатшы ретінде де М.Горбачев мұндай терең өзгерістер жасаймын ғой деп
ойламаған болса керек. Бір топ зерттеушілер мен сенімді әріптестерінің
пайымдауынша, ол тек ішкі саяси жүйеге жекелеген түзетулер енгізіп, “қырғи
қабақ соғысты әлсіретіп” “тарихи тұлға” ретінде де атын шығаруды ғана мақсат
еткен сияқты. Замандастарының айтуынша, тарихқа тек реформашыл ғана емес,
әлемдік деңгейдегі саясатшы боп қалғысы келген М.С.Горбачевтың іш пиғылы
да талай нәрсеге түрткі болған. Оны кейбір ұсақ-түйектердің өзінен-ақ айқын
аңғаруға болады.
М.Горбачев билік басында болуының соңғы жылдарында қызмет
жағдайына байланысты жиі кездесіп тұрған саяси тұлғалардың естеліктері
бойынша, оның іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндігі болғаны анық. Мысалы,
оған жақын адамдардың ол Батыс көсемдерімен телефон арқылы талай
сөйлескенінде, қасында болғандар да айқындайды. Ағылшын мемлекеті
премьері М.Тэтчермен өз адамындай, АҚШ президенті Бушпен ішек-қарыны
араласып кеткен өз досындай боп көрінуге қатты тырысатынын көрсетеді.
Қолына билік тиген М.Горбачевтың қалай өзгергендігі туралы да
көптеген материалдар жарық көрді. Бас хатшы болған алты жыл мерзім ішінде
ол адам танымастай өзгерген. Бастапқы Горбачев пен кейінгі Горбачев – аспан
мен жердей айырмаға ие. Бас хатшы болған соң, оның қабылдауына кіру,
қасына бару қиындап кетті. М.Горбачев айналасының айтқанынан шыға
алмады. Біресе ананың айтқанына, біресе мынаның айтқанына құлақ асты.
Батыстағылар бір кеңес берсе, елдегілер – атымен кереғар кеңестер берді. Билік
жолындағы күрестегі шешімділікпен билік басындағы шешімділіктің екеуі екі
басқа нәрсе. М.Горбачевке осының кейінгісі жетіспеді. Оның алдында
әлденеше мүмкіндік бар еді. Солардың: біріншісі, өзіне мұраға тиген ахуалды
сол күйінде қалдыру еді; екіншісі, қатаң өктемшілікті қайта орнатып,
андроповшылдық бағытты жалғастыру еді; үшіншісі, елді социал-демократия
үлгісімен реформалау еді. Оқиғалар дами келе, және бір жол шықты. Ол –
социализмнің саяси және экономикалық жүйесінен атымен бас тарту. Бірақ ол
аталмыш жолдардың бірінде түбегейлі таңдау жасай алмады. Сөйтіп,
мемлекеттік билік сапарының басында адасып қалған десек артық болмас.
Мемлекет басшысының мұндай әрекеті, әрине, елдегі жалпы жағдайға
әсер етпей қоймайтындығы түсінікті. Әлемдік өркениет тәжірибесі
дәлелдегендей кез келген деңгейдегі басшының өзінің алған беті болуы керек.
Шешімділік танытуы керек. Бұл әсіресе үлкен мемлекет басшысына ауадай
қажет. Ал, М.Горбачев қабырға сағаттың тіліндей әрлі-берлі құйқылжумен
болды. Біреуді тыңдап ап – бір әңгіме айтып, екінші біреуді тыңдап ап – екінші
әңгіме айтты. Дағдарыс үдей түсті. Одан шығар жолды таңдап алатын адам не
істерін білмей аласұрғаннан басқа, ештеңе бітірмеді. Мұндай шешімсіздік,
әлсіздік пен жауапсыздықтың бірден-бір себебі ретінде, өкіметті дағдарысқа
апарып соқтыратынын сол әлемдік билік тәжірибесі талай рет айқындаған еді.
Сол кездегі бұқаралық баспасөз беттерінде, саяси-қоғамдық әдебиеттерде осы
тақырыпқа ондаған сүбелі және өткір материалдар жарияланған еді және
М.Горбачев саяси-қоғамдық жиындарда, пікірсайыс-сұбхаттарда өткір сынға
алынды.
КСРО-ның соңғы басшысы туралы айтқан бұл пікірлерінің де
шынайылық деңгейінің жоғары екендігін, КСРО-ның ыдырауының саяси
себептерінің бірі, сол М.С.Горбачевтың атымен байланысты екендігін еш
қиындықсыз-ақ дәлелдеуге болады. Біріншіден, М.Горбачевты КСРО құлап, ол
биліктен кеткеннен кейін емес, КСРО-ның кезінде, яғни ол кісі билік басында
отырған кезінде сынаған. Екіншіден, М.С.Горбачевтың бастаған “қайта қруы”
және оның немен аяқталғандығы туралы тәжірибелі саясаткер ретінде
Д.А.Қонаевтың: “Мен қайта құруды жақтап, соған алғашқылардың бірі болып
үн қосқан адаммын” дей келе “Қайта құру тұсында “тың ойлар” көп болды.
Соның бәрі ала шапқын, айқай-сүреңмен басталып, арты құмға сіңгендей,
немен аяқталғанын жұрт әлі күнге дейін білмейді”- деген пікір Н.Ә.Назарбаев
пікірінің дұрыстығын көрсетеді. Үшіншіден, М.Горбачевтың жіберген
қателіктерімен қатар, оның атқарған оңды істері туралы да айтып, тұлғаның
саяси-мемлекеттік, рухани-танымдық шараларына объективті бағасын берген
жөн. Солардың ішінде М.С.Горбачевтың бұрынғы кеңес халқының алдында
сіңірген еңбегін ұмытуға болмайтын тағы бір жәй бар. Толып жатқан
кемшіліктері мен қателіктері бола тұрса да, елді қозғалысқа түсірген, «қайта
құру»,
«жаңашаландыру»
бағдарламалары
арқылы
сыңаржақты
дүниетанымдағы тастай сіресіп қалған қоғамды реформалау процесін бастап,
миллиондардың партия өктемдігінсіз өмірдің қалай болатынына көзін ашып
берген адам –
Достарыңызбен бөлісу: |