Н.Назарбаев еңбектерінде елде басталған “қайта құрудың” берген
алғашқы нәтижелеріне талдау жасай отырып, КСРО-ның құлауына алып келген
саяси себептердің көріністері туралы өте құнды пікірлер айтқан. Ол соңғы
жылдары “қайта құру” деген сөз өзінің құнын әдәуір түсіріп алды десек, мұның
өзі айтарлықтай жаңалық бола қоймайды… Ендігі жерде бұлай өмір сүруге
болмайды деп алғаш рет айтылған кезде, жұрт бұған әбден келіскен болатын.
Өйткені ендігі жерде шындығында да бұлай өмір сүруге болмайтынын әрбір
адам жақсы түсінген еді. Демократияландыру мен жариялылық бағыты
жарияланған кезде, жұрт мұны да қолдады. Өйткені ауасы бұзылған бұрынғы
ахуалда тыныс алудың өзі барған сайын қиындай түскенін бәрі де түсінді.
Алғашқыда көптеген адамдар сөз
бостандығына, пікір білдіру еркіндігіне толық
қол жетсе-ақ болды, өміріміз бен экономикамыз өз-өзінен оңалып жүре береді
деп те ойлады. Бірақ, демократияландыру мен жариялық қайта құрудың
мақсатынан гөрі оның маңызды құралы екені, ал бұл құралды дұрыс пайдалана
білуді үйрену қажет екені көп ұзамай-ақ айқын болды. Мемлекеттік және
экономикалық құрылым негіздерімен тікелей айналысуға кезек келгенде әбден
абыржу келді. Неден бастау керек, нені керексіз деп қиратып, лақтырып
тастауға болады, нені сақтап, нені жаңадан салуымыз керек екенін ешкім де
жөнді білмеді. Пікірлер бір-біріне қарама-қайшы, қызу әрі ымырасыз бола
бастады. Батыл өзгерістер жасау қажеттілігін бірінші болып мәлімдей отырса
да, партия қоғамға қайта құрудың біртұтас және сындарлы бағдарламасын
ұсына алмады өйткені СОКП-да нағыз ақыл-ой орталығы тапшы болатын.
Партияның орасан зор қызметшілері болғанымен ірі ғылыми-оқу мекемелері
атам заманғы қасаң қағидаларынан айырылмай, аппараттың ұсақ мүдделеріне
ғана қызмет етуді одан әрі жалғастыра берді, замануи ғылыми және қоғамдық
ақыл-ойдан мүлдем артта қалып қойғаны аян болды.
Ал 1996 жылдың басында, яғни КСРО құлағаннан кейін 4 жылдан соң,
жарық көрген Н.А.Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында, КСРО-
ның құлауының саяси және әлеуметтік-экономикалық себептерін көрсетіп,
оларға талдау жасады және өз пікірін толығырақ жария етті. Мысалы, ол КСРО-
ның құлауына қатысты сол жылдары айтылып жүрген әр түрлі пікірлердің бар
екендігі туралы: “КСРО-ның құлау себептері жайындағы әр алуан пікірлер,
негізінен, екі арнаға тоғысады.
Бірі
, КСРО өздерінің бірден-бір идеологиялық
және геосаяси бәсекелесінің көзін құртуға тырысқан сыртқы және ішкі іріткі
күштердің бірлескен қимылы нәтижесінде болса;
Достарыңызбен бөлісу: