Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

3. Топтардағы шығармашылық жұмыс  

«Нағыз шындық – бұл ар-ұждан» тақырыбына өлең немесе ән шығару. 

 «Қалаулар  шегінің»  төрт  қағидатын  және  әрбір  қағидат  бойынша 

практикалық тапсырмалардың орындалуын топтарда талқылау. 

Топта тыныштық туралы өлең жазу. 

«Өзіңе  қатысты  қиянат  жасамау»  тақырыбында  топтарда  қойылым 

көрсету және талқылау. 

 

 

 



35 

 

2ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ОҚЫТУДЫҢ  ӘДІСТЕМЕЛІК 



НЕГІЗДЕРІ 

2. 1 Рухани ізгілік. 

Ізгілік  адамның  өзіне  және  өзгелерге  жасаған  игі,  жақсы  істері  деп 

түсінемін.  Белгілі  педагог  Т.И.Петракова  құндылықтарды  үш  түрге  бөледі: 

табиғи,  жүре  пайда  болатын  және  абсалюттік.  Табиғи  құндылықтар  тәрбие 

жүзінде  адам  бойында  қалыптасады.    Табиғи  құндылықтарға:  ақыл,  сезім, 

ойлау,  ерік,  есті  жатқызады.  Жүре  пайда  болатын  құндылықтардың  өзін 

интеллектуалдық  және  эмоционалдық  құндылықтар  деп  бөліп  қарастырады. 

Жүре пайда болатын эмоционалдық құндылықтарға: сабырлық, сыпайылық, 

кішіпейілділік, 

мейірімділікті 

жатқызса, 

жүре 


пайда 

болатын 


интеллектуалдық  құндылыққа  даналық,  білім,  құзіреттілікті  жатқызады.  Ал, 

абсолюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы 

зор мәңгілік құндылықтар.  Олар: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі 

тыныштық, Қиянат жасамау. 

Ел  аузында  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 

болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деген  қанатты  сөзі 

бар.  Бұл  сөздерде  ағашты  балаға  теңеп,  баланың  бойына  жастайынын 

жалпыадамзаттық  құндылықтарды,  оның  ішінде  адамгершілік,  сыпайылық, 

сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді сіңдіру керектігі 

айтылған. 

Адамға қойылатын басты талап  - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді 

бойына  сіңірген,  ұлағатты  азамат  болып  шығу.  Өйткені  адам  -  өзінің 

адамгершілігімен,  қайырымдылығымен,  адалдығымен  және  әділеттігімен 

ардақты. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. 

Ізгілік – бұл өте күрделі ұғым. Ол сәбидің бойында ана құрсағына біткен 

сәттен бастап дариды. 

Біз  ізгілікті  тәрбие  арқылы  қалыптастырамыз  десек,  қатты  қателескен 

болар едік. Ізгілік әр адамның бойында болады, тек оны аша білу керек. Өте 

қатыгез  деген  адамның  өзі  жүрегіне  жақын  нәрсені  көргенде  тұла  бойын 

жылылық,  қобалжу  билейді.  Адамдар  бойларындағы  ізгі  қасиеттерін  аша 

алмағаны  себебінен  қазіргі  қоғамда  әділетсіздік,  қатыгездік  белең  алып 

жатыр. Біз күнделікті осындай мәселелермен кезігіп жатамыз. Ал болашақта 

мұндай  мәселелердің  болмауы  үшін  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе» 

демекші бала тәрбиесінен бастауымыз керек. 

Әлеуметтік  педагог  және  өзін-өзі  тану  пәні  мұғалімі  ретінде  балаға 

рухани-адамгершілік  білім  беру  біздің  басты  міндетіміз.  Интеллектуалды 

білім  мен  рухани  білімді  ұштастыра  отырып,  балаға  ізгілік  құндылығын 

дарыта  білуіміз  керек.  Қазіргі  дамыған  заманда  балаларға  рухани  - 

адамгершілік  білім  ауадай  қажет.  Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бала 

бойында ашуға септігін тигізетін мына менің болашақ мамандығым осы білім 

жолында көптеген жұмыстар атқаруда.Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар 

білім  беру  бағдарламалары  мен  әр  түрлі  деңгей  мен  бағыттағы  мемлекеттік 




36 

 

білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі  ұйымдастыру  құқықтық 



формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы 

тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару  органдары  жүйесінің 

жиыны. 

Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында 

жетекшi  роль  атқарады,  сондай  –  ақ  оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал 

бiлiмнiң  қалыптасып,  дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi 

мәселесi  –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан 

зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп  аталады.  Таным  теориясының  басқа 

ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен 

негiзделуiнiң 

жалпы 

ұстанымдарын, 



объективтiк 

қатынастарды 

қалыптастырады. 

Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман 

дайындау.  Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз 

мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп, 

тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту, 

қастерлеу,  арындай  таза  ұстау  -  әр  мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз 

пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы 

жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, 

тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан 

шығармашыл тұлға құзыреті.  

Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі- 

рефлекцияға  қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық, 

зерттеушілік, 

дидактикалық-әдістемелік, 

әлеуметтік 

тұлғалы, 

коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің  жоғары 

деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық  жауапты, 

белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін 

қажет»  дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу 

бағдармаларын  жасау,  ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен 

танысу  жұмыстары  мұғалімдердің  үздіксіз  ізденісін  айқындайды.  Жаңа 

педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті 

оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына  жағдай 

туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде 

тұрған  мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі, 

ғылым,  тәрбие екендігіне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осы  орайда  білім  ордасы  – 

мектеп,  ал  мектептің  жаны  –  мұғалімдердің  басты  міндеті  -  өз  ұлтының 

тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі 

рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. 

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. 

Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. 

Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік 



37 

 

қасиеттерін  сақтап  қалуға  тиіс.  Тәрбиенің  осы  жақтарын  қазақ  жастарының 



санасына  кішкентайынан  терең  енгізу  қажет.  Қазақстан  Республикасының 

«Білім  туралы»  Заңында  да  мектеп  оқушылары  бойында  адамгершілік  және 

тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл 

–  ойын  айқындау  басты  міндет  екендігі  айтылған.  Олай  болса,  қоғам 

болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, 

сана-сезім  қалыптастыратын  салауатты тәрбие  беру  мазмұнын  жаңаша  құру 

қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі 

жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген,  Жүсіпбек  Аймауытовтың  сөзін  айта 

кету артық болмас. 

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу 

болса,  ал  өркениетке  жетуде  жан-жақты  дамыған,  рухани  бай  тұлғаның 

алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты 

дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. 

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің 

бірі  –  тіл  байлығы,  өз  ойын  нақты,  терең  мағыналы  әрі  көркем  жеткізе 

білетін,  шешен  де  ойлы  сөйлей  білетін,  Абайша  сөйлегенде  сөзі  жүрекке 

жылы  тиетін,  сөз  құдіретін  игерген  адамдарда  да  тұлғалық  қасиет  болады. 

Рухани  адамгершілікке  тәрбиелеудің  басты  мақсаты  оқушылардың  белсенді 

өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін 

қамтамасыз  етіп,  адамгершілік  нормаларынан  ауытқушыларға  жол  бермеуді 

қалыптастыру болып табылады. 

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, 

Білімдік бар биікке шығар саты. 

Ең алғаш басталады осы адамнан, 

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... 

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, 

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі 

сыйлы,  қадірлі,  сүйікті  болып,  шәкірттерімізді  білім  нәрімен  сусындатып, 

белестерге  жете  берейік.  Сондықтан  баланы  жеке  тұлға  ретінде  өздігінен 

дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға 

баланың  білім  алу  арқылы  өз  бетінше  дамуын  қойып  отыр.  Бұл  мақсатқа 

жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. 

Орыс  философиясында  ХХ  ғасыр  ойларының  (Г.С.  Батищев, 

М.М.Бахтин,  В.С.Библер,  О.Н.Крутова,  Н.О.  Лосский,  М.К.Мамардашвили, 

А.Г.Мысливченко,  В.В.Розанов,  С.Л.Рубинштнейн,  С.Л.  Франкл,  К.А. 

Шварцман  және  т.б.)  ортақ  бағыты  гуманист    философтар  мен 

психологтарды  біріктіреді.  Олардың  барлығы  адам  тұлғасының  өзіндік 

құндылығы  мен  ерекшелігін  қабылдайды,  оның  қоғам  өміріндегі  мәндік 

ролін  ерекше  көрсетеді.  Н.А.  Бердяев,  В.В.Розанов,  С.Л.Франкл  өз 

еңбектерінде  тұлғаның  өзін-өзі  дамытудың  мәнін  ашады.  Мысалы, 

В.В.Розановтың  жазғаны:  «Адам  тек  өзінің  ерекшелігінде  өзінің  мағыналық 

еркше мәнін көрсетеді: онда түрлі рухани шығармашылықтың бұлағы жатыр. 




38 

 

С.Л.Франкл  «өзімізді  өзіміз  іске  асыруымыздің  қажеттілігі  бар,  біздің 



«Меніміздің» нағыз мәнін құрайтын біздегі ұйықтап жатқан рухани күштерге 

шығармашылық шығыс беру керек». Н.А. Бердяевтің позициясында дамудың 

табиғи  жолын  таңдау  еркі  идеясы  болады.  Ол  адамның  өзінің  жетілуіне 

бағытталған  ішкі  қозғалысын  өзіндік  еркінділікті  орнату  депе  түсінеді. 

Сонымен,  философтардың  еңбектерінде  адамның  рухани  өзіндік  жетілу 

феномені    тұлғаның  өзін-өзі  дамытудың  идеясы  болып  табылады  екен. 

Қазіргі  философия  адамның  әлеуметтік  адам  ретіндегі  үнемі  өзгеруін  үнемі 

тұрмыс  жағдайына  байланысты  түсіндіреді  және  қоршағанның  түрлі 

факторларының әсерімен болады. Осыған орай М.К. Мамардашвилидің ойы 

өзекті  болады:  «адам  әлемдегі  үнемі  қайта  жаңару  үстіндегі  жағдайында 

болатын жан, осы жаңадан жаңаруы адамның өзінің ұмтылысы нәтижесінде, 

яғни  өзін  өз  ойларына  орнату,  өз  ұмтылыстарына  бағындыру  нәтижесінде 

іске  асады».  Сонымен  бірге  П.Г.  Шедровицкийдің  пікірі  бойынша  

тұрмыстың  күрделілігі  адамның  өзін-өзі  дамуына,  ішкі  дүниесіне  назар 

аудару  қажеттілігін    талап  ететін.  Бірақ  өзін-өзі  дамыту  механизмін  іске 

асыру  үшін  себепкер  ұмтылысы  қажет  –  белсенділік,  өзіндік–себептік 

ауыстыру мен асуысу. 

Жас  ұрпақты  рухани  азықпен  қаруландыру  барша  мұғалімдердің  ең 

бірінші  борышы.  Рухани-адамгершілік  тәрбие  толыққанды  «Өзін-өзі  тану» 

пәнінде жүзеге асатыны белгілі. Алайда рухани-адамгершілік тәрбие өзін-өзі 

тану  сабағы  барысында  ғана  айтылып  шектелмеуі  керек.  Осы  мақсатты 

көздей  отырып,  оқытушыларына  “Өзін-өзі  тану”  рухани-адамгершілік  білім 

беру  бағдарламасын  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері  және  оның 

басқа 


пәндермен 

ықпалдасуы» 

тақырыбында 

дәріс-семинар 

ұйымдастырылып өткізу мүмкін болады. 

Тапсырмалар:  

Заманауи  философия,  психология  және  педагогикадағы  рухани 

гуманизм идеяларын топтарда талқылау.  

Адамның  тұлғалық  құрылымын  және  ақылдың  табиғатын  топтарда 

талқылау.  

Педагогиканың  үш  типін  және  мұғалімнің  үш  стилін  бейнелейтін 

қойылымдарды топтарда көрсету. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет