Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата06.06.2020
өлшемі1,12 Mb.
#72499
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
kn-teor-2

Тыныштық сәті. 

Үлгі  аларлық  оқиғаларды,  нақыл  сөздерді,  жырларды,  ертегілерді 

тыңдау және талқылау. 

Әңгімелеуге  қажетті  материалдар  ертегілер,  аңыз  әңгімелер,  ғибратты 

өсиет  әңгімелер,  атақты  адамдардың  өмірі  туралы  жазылған  әңгімелер. 

Оқытушы оқиғаларды, әңгімені, ертегіні кітаптан оқымай, ауызша әсерлі етіп 

баяндап бергені жөн. Мұндайда оқытушы оқушылармен тікелей байланыста 

болып, олардың алған әсеріне бақылау жасау мүмкіндігі туады. 

Әңгімені  таңдағанда  мүмкіндігінше  балалардың  отбасы  жағдайын 

ескеру қажет. Әлдебір оқиғаның олардың қасіретіне әсер етпейтіндей болуын 

есте ұстаған жөн. 

Бұл  әдіс  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  оқу 

материалын эмоциялық – бейнелі тұрғыда қабылдауға ықпал етеді. Сабақтың 

дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөздер 

сабақтың  тақырыбына  сай  алынады.  Жаңа  тақырыпты  жете  түсінген 

оқушылар  дәйексөздің  мағынасын  берілген  сұрақтар  бойынша  өз 

пайымдауларымен түсіндіріп береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет