Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
6.2 Ассоциативті жады технологиясы
Адам жадысының функцияларын, есте сақтау мехнизмін зерттеу нəтижелері
көрсеткендей, ақпаратты өңдеу келесі кезеңдерден тұрады:
- сезімдік ақпаратты жинау жəне сақтау;
- қысқа уақытты немесе оперативті жады;
- ұзақ уақытты жады.
Сезім мүшелерімен жиналған ақпарат, қысқа уақытты жадыға (санаға) келіп
түседі. Қысқа уақытты жадыдан адам тілегімен ақпараттың бір бөлігі белгілі - бір
ерік күшінің салдарынан, ұзақ уақытты жадыға беріледі, онда ол кейбір зерттеулер
салдарынан мəңгілікке сақталады. Зерттеулер көрсеткендей, қысқа уақытты
жадыда 5-тен 9-ға дейін ақпарат элементтері сақталады, олар бруск деп аталады.
Мысалы, 87272473262 сандар тізбегін есте сақтау қиын, ал егер осы сандарды


топтап, келесі түрде 8-7272-47-32-62 сақтасақ есте сақтау тез болады.
Біріншіден, бұл біз бруск санын 11-ден 5-ке азайтқанымызға байланысты,
екіншіден, кейбір сандармен біздің ассоциацияларымыз байланысқан,
сондықтан олар оңай есте сақталады. 8-қалааралық байланысқа шығу, ал 7272-
Алматы қаласының коды екені түсінікті, ал ары қарай телефон номері
жазылған. Егер, бар ақпаратпен себепті байланыстар болса, онда ақпарат оңай
есте сақталады жəне жадыдан оңай алынады (еске түсіріледі). Бұл ақпаратты
кез-келген ассоциациямен байланыстырғанға байланысты. Адам түрлері мен
шаблондарды еске сақтамайды, тек олардың түсінігі мен ассоциациясын еске
сақтайды. Мысалы, сөйлемді оқыған кезде адам шрифтті, үтірлер санын есте
сақтамайды, тек оның мағынасын бір ассоциациялармен байланыстыра есте
сақтайды. Осыған байланысты ассоциативті жады технологиясы пайда болды.
Бұл технология жадының аз көлемінде үлкен көлемді ақпаратты сақтауға
мүмкіндік береді жəне ақпаратты іздеуші дамыған логикасы бар.
6.3 Басқару жүйесін программалық жасау
Жоғарыда айтылғандай, РТЖ басқару есептерін жүзеге асыру
аналитикалық-программалық, сондай-ақ аппараттық құралдардан тұратын БК
көмегімен жүзеге асырылады. Аппараттық құралдар кейінірек қарастырылады.
Басқару есептерін жемісті шешу үшін аппараттық құралдар жеткілікті түрде
ресурстарға ие болуы қажет, ал, аналитикалық-программалық жасау осы
ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігін беруі тиіс. Басқару жүйесін
программалық жасау, жалпы алғанда, шешілетін мəселелерге жəне аппараттық
құрылғылардың түріне байланысты. Қазіргі кезде техникалық жүйелерді
басқаруға қолданылатын əмбебап программалық құралдар жоқ. Бірақ та, РТЖ
программалық жасауға қатысты, программалаудың кейбір ерекшеліктерін
айтуға болады.
Программалар алғашқы деректерді қалай өңдеу жəне түрлендіру туралы
информация тасушылар болып табылатындығын айта кетуге болады.
Аппараттық құралдарды басқаратын программалар бар, мысалы, операциялық
жүйе. Бірақ та, РТЖ басқару жүйесін программалық жасауда негізгі,
анықтайтын объект - процесс болып табылады. Мұндағы процесс дегеніміз –
қасиеттері жағынан процестің жалпы анықтамасына сəйкес келетін қандай да
бір абстракты активтілік болып табылады. Процесс кодтардан, кодтар мен
берілгендер облысынан, кең динамикалық таратылатын жады облысынан –
төбелер мен стектен тұрады. Процесс – процессордың архитектурасына
байланысты, процессормен орындалатын тікелей программа. Жоғары
деңгейдегі тілде жазылған программалар əртүрлі аппараттық құралдарда жүзеге
асырылуы кезінде əртүрлі процестерге ие болады. Уақыттың əрбір моментіндегі
процессор регистрінің сипаттамасы, берілгендер облысының, командалар коды
мен стектің орналасуы процесс контексті деп аталатын толығымен анықталған
күйге ие болады. Процестің жеке түрі ағын болып табылады. Ағын - тіпті басқа
процессорда тəуелсіз, параллельді түрде орындалатын, бірақ процеспен бірге
жалпыланған берілгендер облысын қолданатын программаның (процестің) бір
бөлігі. Процестер программалаудың əртүрлі деңгейлерінде, тізбектелген
стандартты тəсілдер, атап айтқанда:


- компиляция; - байланыстыру; - жүктеу; - орындау нəтижесінде
жазылған программалардан тұрады.
Қарапайым программалар тізбектелген болып табылады, себебі, іс-
əрекеттер тізбектілігі программаның өзіне бағынады. РТЖ басқару жүйесін
программалық жасаудың ерекшелігі – тізбекті еместігінде жəне нақты уақыт
масштабында программалау талаптарын қанағаттандыруы қажет. Сонымен,
программаларға қойылатын талаптар төмендегідей:
- программаның орындалу логикасы басқарылатын техникалық жүйемен
анықталады; - программа ақпараттық-өлшеу жүйесі арқылы келіп түсетін
сигналдарды сыртқы ортадан қабылдайды;
- программа абсолюттік жəне салыстырмалы уақыт ортасында жұмыс
істейді жəне қатаң уақыттық шектеулерге ие; - сыртқы орта жəне РТЖ ішкі
күйінің өзгеруі – программаның орындалу нəтижесі болып табылады;
- программаның орындалу нəтижесі сыртқы орта күйіне жəне РТЖ ішкі
күйіне байланысты жəне осы нəтижені алдын-ала болжауға болмайды;
- программа үзілуі мүмкін, мысалы, жаңа берілгендердің түсуін күтуі
мүмкін; - программа параллель тапсырмаларды да басқаруы қажет.
Басқару есептерін тиімді шешу үшін параллельді программалау,
мультипрограммалау жəне мультиесептілік тəсілдері қолданылады. Параллельді
программалауды аппараттық орындаудан тəуелсіз, параллельді орындалатын
программаларды құру деп түсінуге болады. Мультипрограммалаудың немесе
мультиесептіліктің параллельді программалаудан ерекшелігі – біруақытта
параллельді бірнеше процестерді орындау тəсіліне ие болуында. Сонымен,
мультипрограммалау бір немесе таратылған желілер түзетін бірнеше
процессорде жүзеге асырылуы мүмкін.
.........
6.
5-сурет. Кезектілік
Басы
П
1
П
2
П
n
Со
ңы


6.
5-суретте мультипрограммалау кезінде процестердің параллельдігін
кескіндейтін кезектілік графы көрсетілген. «Басы» операторы п
1
–п
п
программаларының орындалу ретін анықтайды. Барлық программалар жұмыс
істеп болғаннан кейін «Соңы» операторына жетеді. Процестердің параллельді
жүруі кезінде екі жағдай болуы мүмкін: біріншіден, процестер өзара тəуелсіз
болулары мүмкін; екіншіден, процестер өзара байланысқан болулары мүмкін.
Бірінші жағдайда ерекше мəселелер туындамайды, ал, екінші жағдайда бірнеше
спецификалық мəселелердің: өзара алып тастау жəне синхрондау жəне т.б.
шешілуі қажетті.
Өзара алып тастау мəселесінің тууына тоқталайық. Параллельді жүретін
кез-келген А жəне В екі процесі деректер облысына қатынаса алатындай өзара
байланысқан болуы қажет. Сонымен, А процесі D деректер облысын жаңартқан
кезде, В процесі D деректер облысынан деректерді оқиды. Мұндай жағдайда, В
процесі жаңартылмаған деректермен бірге ескі деректерді де бірге оқыған кезде,
əртүрлі қателіктерге келтіретін жағдай тууы мүмкін. Осыған байланысты,
жаңартуды тоқтатқанша В процесінің D процестер облысына қатынауын
болдырмау қажет. Немесе, керісінше, А процесінің D процестер облысына
қатынауын В процесі деректерді толық оқымайынша болдырмау қажет.
Сонымен, D облысына өзара қатынауын болдырмау қажеттілігі мəселенің
шешімі болып табылады.
Бірнеше процестердің параллельді жұмыс істеуі кезінде ресурсқа
қатынауды ретке келтіру үшін синхрондау мəселесін де шешу қажет. Мұндай
жағдайда, ресурсқа қатынау, ол тек басқа процестен босаған кезде ғана мүмкін.
Процестерді синхрондау «семафорлар» мен «оқиғалар» көмегімен шешіледі.
«Семафор» тек қана бір процестің қорғалған процесіне қатынауды қамтамасыз
ететін əдіс болып табылады. Егер процестер жалпы ресурсқа анықталған
шарттарды орындау кезінде ғана қатынай алатын болса, онда осы шарттардың
орындалуын тексеру үшін жəне жалпы ресурсқа қатынау кезінде кезектілікті
қамтамасыз ету үшін «оқиға» əдісі қолданылады.
Негізгі əдебиет: 1 [47-57].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет