Өзiн-өзi тәрбиелеу – адамның өз мінез– құлқындағы адамгершілік қасиеттерді тани біліп, оны одан әрі дамыту, жағымсыз қылықтарды жеңе білуге әдеттендіру сияқты сапалы әдет– дағдылардың қалыптасуы.
Өздiгiнен бiлiм алу – адамның өзiн қызықтырған сала бойынша бiлiмдердi iздестiруi мен меңгеруiне байланысты өз бетiнше мақсатты түрде, белсендi жұмыс iстеуi
Қайта тәрбиелеу – осыған дейiн қолданылған тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерi, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдiстерi мен тәсiлдерiн, формаларын түбегейлi өзгерту.
Даму – адам ағзасы мен қасиеттерiндегi сандық және сапалық өзгеру процесi және нәтижесi
Қалыптасу – iшкi және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық факторлардың (экологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б.) ықпалымен адамның әлеуметтiк тiрi жан иесi ретiнде дамып жетiлуi.
Достарыңызбен бөлісу: |