1.5. Педагогика ғылымының жүйесі
Педагогика ғылымының жүйесі – жалпы ортақ пән төңірегінде тоғысатын, жекелеген педагогикалық ғылымдар тұтастығы.
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Арнайы педагогика немесе дефектология – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Дефектологияның салалары:
Сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Олигофренопедагогика – ақыл– ойы кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
Логопедия – тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейді.
Пәндерді оқыту әдістемесі – оқыту және білім беру теориясына – жалпы дидактикаға сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |