Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Педагогикалық теория мен практика үшін тәрбие мақсаттарының маңызы



бет44/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

4.2. Педагогикалық теория мен практика үшін тәрбие мақсаттарының маңызы

Тәрбие мақсатының алуан түрлі сипатталуы тәрбие мақсатына қандай тұрғыдан қарауға, көзқарастар мен түсініктерге, пікірлерге байланысты. Бұған әрбір дәуірде, заманда өмір сүрген ойшылдардың, педагогтардың тәрбие мақсаты деп нені түсінгендіктері дәлел. Яғни тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір– таластар ежелгі дәуірдің өзінде– ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді.

Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне шектеусіз сенді. Оның пікірінше, тәрбие мына үш мақсатқа жетуге бағытталуы керек немесе осы үш нәрсеге бағытталуы тиіс: өзін және айнала қоршаған өмірді тануға (ақыл–ой тәрбиесі), өзін–өзі басқаруға (адамгершілік тәрбиесі), Құдайды тануға ұмтылу (діни тәрбие) .

Ағылшын философы және педагогы Д ж. Л о к к тәрбиенің негізгі мақсаты – өз ісін даналықпен жүргізе алатын джентельменді тәрбиелеу деп санады.

Француз материалисі К.Гельвеций тәрбиенің негізіне қоғамның игілігі үшін, яғни көпшілік азаматтардың бақыты үшін ұмтылуға тәрбиелеу керек деп есептеді.

Ж. Ж. Руссо тәрбиенің мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбиелеу деп есептеді.

Швейцарлық педагог – демократ И. Песталоцци тәрбиенің негізгі мақсаты – қоғам өміріне белсене қатысатын жан – жақты дамыған адамды қалыптастыру деп санады. Неміс педагогы И.Ф. Гербарт тәрбиенің мақсатын этикадан шығарды, өзінің этикалық теориясына сүйене отырып, тәрбиенің мақсаты – адамда ізгілік пен жақсылықты қалыптастыру, бұл ізігілік пен жақсылық та мәңгі және өзгермейді деп тұжырымдады. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистервег «ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету» деп есептеді. Сондай – ақ қазақтың педагогы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын – адамды , барлық адамзат дүниесін бақытты ету дей келе, адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасында адам қылып шығару деп тұжырымдады және баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару керек екендігін баса айтады.

Сонымен тәрбие мақсаты тәрбие жүйесіне қарай әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуан болып келуі – тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет