Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет49/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

«Процесс» – латын тілінен аударғанда «алға қарай жылжу», «қозғалыс» дегенді білдіреді.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс заңдылық деп аталады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Педагогикалық процестің заңдылықтарына (Н.Д.Хмель) төмендегілер жатады:

1.Педагогикалық процесс барлық уақытта қоғамның әлеуметтік–мұқтаждықтарына тәуелді;

2.Педагогикалық процестің мақсаты мектеп алдына әлеуметтік тапсырыс ретінде қойылады;

3.Педагогикалық процестің педагог пен оқушылардың, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара бір – бірімен әрекеттесуіне байланысты екі жақтылық сипаты болады;

4.Оқушылардың белсенділігі әр уақытта мұғалімнің олардың іс – әрекетін мұқият егжей –тегжейлі ойлатырып, ұйымдастыруына байланысты болады;

5.Педагогикалық процестің дұрыс жүруі оның мазмұны мен ұйымдастырылуының оқушылардың жас ерекшеліктері мен ұжым мен жекелеген оқушылардың даму деңгейлеріне тәуелді;

6.Оқушы есейген сайын, ол үшін ата – ана мен мұғалімдердің пікірінен гөрі өз құрбыларының пікірі құндырақ, маңыздырақ бола түседі;

7. Педагогикалық процестің компонентері өзара бір – бірімен тең мәнде емес, олардың арасында өзара бір–біріне ықпал етушілік және бағыныштылық байланыс бар;

8.Педагогикалық процесс–бір сәттілік процесс емес, ол уақыт жағынан ұзаққа созылады, яғни оның мақсатына жету үшін ұзақ уақыт бойы еңбектену керек;

9. Педагогикалық процестің нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесті негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу – тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз ететін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті принциптерін де тұжырымдауға мүмкін болды.

Принциптер мұғалімнің іс – әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:

– педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

– іс – әрекеттің сана мен мінез – құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

– педагогикалық процестегі іс – әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті

қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

– педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыс–

тарға, процестерге қарым – қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

– оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық –

физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;

– педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен ұластыру;

– оқушылардың іс – әрекеттерінде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;

– ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын

талаптарының үйлесімділігі;

– әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету;


– оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.

Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс – әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет