Жеке тұлға дегеніміз – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс–әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір–қасиеті, даралығы.
Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық–педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан
(Э. Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А.Гельвеций, Д. Дидро, А.Дистервег, К.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н.К.Крупская, Б.Б. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.).
Даму – адам ағзасы мен қасиеттерiндегi сандық және сапалық өзгеру процесi және нәтижесi.
Достарыңызбен бөлісу: |