Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Биологиялық және географиялық орта



бет65/424
Дата20.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129558
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   424
Байланысты:
Педагогика лекция жинағы

Биологиялық және географиялық орта адамның дене бітіміне, денсаулығына, бет пішіміне, тері қабатының түсіне, айналысатын еңбек түрлерінің пайда болуы мен қалыптасуына, салт –дәстүрлердің пайда болуына ықпал етеді.

Әлеуметтік орта сол орта үшін құнды болып табылатын бүкіл адами қасиеттер мен қабілеттердің, табиғатпен, адамдармен, қоғаммен қарым – қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Тұқым қуалаушылық пен ортаның адамға ықпалы (әсiресе терiс ықпалы) мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие арқылы түзетiледi.

Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған прцесс. Бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылып, басқарылатын және бақылауға алынатын өзара іс – әрекеті , негізгі мақсаты – қоғамға керекті және пайдалы жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кезде тәрбие процесін осы қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің тиімді өзара ықпалы (ынтымақтастығы) деп түсінеді. Тәрбиенің негізгі қызметі – жеке тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағдар беру болып табылады.

Тәрбиенiң тиiмдiлiгi оның мақсатты, жүйелi және бiлiктi жүргiзiлетiндiгiнде. Тәрбиешiнiң мақсатқа сай, жүйелi ықпал етуi алдын ала жоспарланған мақсатқа сәйкес тұлғалық қасиеттердiң қалыптасуына әкеледi.

Джон Локк бойынша, бала жаны табиғатынан – ақ тақта сияқты тап –таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс. Бұл жерде ол тәрбиенің маңызын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   424




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет