Жеке іс-қимыл теориясы. Іс – қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субъектінің (индивид немесе әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын, және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Іс– әрекет белсендi және енжар болуы мүмкiн.
Дамудың қозғаушы күшi қайшылықтардың күресi болып табылады. Қайшылықтың түрлерi: Ішкi қайшылықтар, сыртқы қайшылықтар, жалпы қайшылықтар, жеке-дара қайшылықтар.
Ішкi қайшылықтар адам «өзiмен–өзi келiспеген» жағдайда, өзiнiң бойында бар тұлғалық қасиеттер мен қабiлеттерге көңiлi толмай, сапалық жағынан жаңа қасиеттер мен қабiлеттерге ұмтылған жағдайда пайда болады. Негiзгi iшкi қайшылықтардың бiрiне адамда пайда болған жаңа мұқтаждық (қажеттiлiк) пен оны қанағаттандыру мүмкiндiгiнiң арасындағы қайшылық болып табылады. Мысалы, оқушының пән олимпиадасына қатысуға ұмтылуы мен оның осы пәнге қатысты ғылым саласынан нақты бiлiмiнiң, бiлiгi мен шығармашылық ойлау деңгейiнiң арасындағы қайшылық.
Достарыңызбен бөлісу: |