Қазақстан республикасының білім



бет28/118
Дата07.02.2022
өлшемі9,38 Mb.
#86093
түріУчебники
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118
9-10 АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ


Адам бойындағының бәрі – бет пішіні, киім киісі, жан дүниесі, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.


Антон Чехов



  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.




Ақиқаттан аттауға болмайды


(Үзінді)


Дінмұхамед Қонаев

Мен назарларыңызға ұсынып отырған осы еңбегімде өзім ғұмыр


кешіп, еңбек еткен қиындығы да, қызығы да мол өмір өткелдерін


барынша ағымнан жарылып айтып беруге ұмтылдым. Байыбына барған


кісіге, мен қара басымнан гөрі, қатар жүрген замандастырым туралы


көбірек әңгімелеуге тырыстым. Олардың арқа еті арша, борбай еті борша боп жүріп төккен тері зая кеткен жоқ. Кетпек те емес. Өнеге тұта білсек сол адамдардың тәжірибесі – өмір мектебі ғой. Оған атүсті қарап, сыртқары тебу – алтынның қолда барда қадірі жоқтың кері. Асыл азаматтардан айырылармыз, ол өмір заңы, бірақ олардың артында қалдырған өшпес ізі – өнегелі ісін ұмытуға хақымыз


жоқ. Қайта мақтаныш етуге тиіспіз. Ұрпақ жалғастығы осымен баянды, осымен құдіретті.


Сондықтан әл қадірімше өз заманымның үнін жеткізуге, рухын сақтауға, сондай-ақ жақсысын ардақтауға, «әттеген-айын» сабақ боларлықтай салмақтап айтуға күш салдым. Әділін айтуға, ақ сөйлеуге, ақиқаттан аттамауға тырыстым.


Астамшылық болмаса, мен сөз аяғын Ұлы Абай атамызбен түйіндесем деп едім. Ол кісі:


– Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі


44


*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях


согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ


боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың, – дейді.


Адам болған соң, жақсылыққа ұмтыласың. Бақытты болсам, адал қызмет істеп, абырой-атаққа жетсем дейсің. Үміт дүниесі. Сол жолда оқып, тер төгесің. Ізденесің. Талпынасың. Таласатын да, тайталасатын да кез келеді. Таусылар шақ, мұңаяр тұс та аз емес. Бірақ жасымадым, салымды суға жібермедім. Қуанышың қойныңа сыймай жүрген күн келеді. Асып, тасымадым. Жоғарыда айтқандай, шүкіршілік жасадым, сап-сап көңілім деп өзімді-өзім сабырға шақырдым. Биікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем, қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.


... Туған елімнің түтіні түзу шықса, туы биіктен желбіресе, абыройы асып, адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген тілек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы топырақта туып-өсіп, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да осы ізгі ниетімді арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не тілесем, Ресейге, тарихи тағдыры бір бауырлас елдердің барлығына соны тілеймін және олардың болашағына кәміл сеніммен, айырықша үмітпен қараймын. Оған күн өткен сайын буыны қатайып, беделі өсіп келе жатқан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш салуы, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы бұлтартпас дәлел, басты кепіл. Осыған сайып айтарым: ең алдымен үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!





  • Мәтінде автордың өзі емес өзгелер жайлы айтуы нені аңғартады?




  • Мәтіндегі «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» деген ойын қалай түсінесіздер?




  • Мәтіндегі қарамен жазылған автордың ойын түсініп оқып, өз ой қорытындылырыңызды шығарыңыздар.




  • Авторды еліне адамдық борышын адал атқартып, ақиқаттан аттамауға мұрындық болған қандай қасиеттері деп ойлайсыздар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет