Химиялық реактивтер дегеніміз – дәрілік заттарды ашу үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Дәрілік заттармен дайын дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау үшін мемлекеттік фармакопеяда келтірілген реактивтер қолданылады. Реактивтер жақсы, тығыз жабылатын ыдыста сақталынуы керек. Осы топқа сонымен қатар көмекші материалдар, титрленген ерітінділер, индикаторлар жатады. Титрленген ерітінділерді 180-200 С-да тығыз жабылатын сауыттарды жарықтан тыс жерлерде сақтайды.
Йод йодмонохлорид, калий броматты, калий перменганатты, натрий нитритті, күміс нитратының ерітінділерін қоңыр түсті сауыттарда сақтайды. Күйдіргіш натр мен натрий тиосульфатының ерітінділерін қатаң түрде ауадағы көмірқышқылдың әсерінен сақтайды. Титрленген ертінділерді бақылау- аналитикалық лабораторияларына алынады 0,1 н айына 1 рет, 0,02 аптада 1 рет (0,02 йод пен күйдіргіш натр ерітінділерін қоспағанда).
Индикатор қағаздарын жарыққа, ылғалға, қышқылдармен, аммиак буына және басқа химиялық активті қосылыстарға өте сезімтал келеді. Құрғақ, ауасы таза бөлмелерде сақтайды.
Химиялық реактивтер бөлінеді:
Реактивтер (мысалы-қышқылдар, сілтілер, калий иодиді, дифениламин, нингидрин, фенол және т.б.)
Еріткіштер (мысалы-ацетон, глицерин, диметилформамид, этанол, хлороформ, эфир, су)
Титрленген ертінділер (йод ертіндісі – 0,1 н, 0,02 н калий перманганат ертіндісі – 0,1н, күміс нитраты – 0,1 н, 0,02н; трилон Б-0,05 М)
Индикаторлар (мысалы-тимол көгі, тимолфталин, фенолфталин, натрии эозинаты және индикаторлық қағаздар).
Достарыңызбен бөлісу: |