Өндіріс бөлмелерін тазалау, арнаулы киімдер мен дәріханалық ыдыстарды жуу үшін тазалау заттары қолданылады. Жуу заттары ретінде 1:20 қатынастағы жуу ұнтағы мен сулы қоспасы, Лотос, Астра жуу ұнтақтарының 0,5 сулы ерітінділері, кір сабын, жуу пасталары қолданылады. Оларды дәрілік заттардан және басқа фармацевтикалық тауарлардан бөлек сақтау керек.
Фармацевтикалық тәжірибеде санитарлық - гигиеналық заттар кеңінен қолданылады. Бұларға ауруды күту бұйымдары, тіс пасталары, сабын, су сабын, әртүрлі кремдер, лосьондар кіреді. Осыған орай, осы топтағы заттардың ерекшеліктеріне қарай оларды дұрыс сақтауды ұйымдастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |