Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы



Pdf көрінісі
бет10/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

13-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы
 
      1. Құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік 


қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында 
басымдығы бар.
 
      2. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу 
шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
 
      
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара
 
              жауапкершілігі
 
      1. Мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің 
мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз 
ететінін растайды.
 
      2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың 
лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге 
асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс.
 
      3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз 
міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған 
кезде, олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
 
      Кәсіпкерлік субъектісі сонымен қатар, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру 
және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес оған бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми 
түсіндірулерін басшылыққа алса, адал деп есептеледі.
 
      Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін 
актісін шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының 
әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
 
      4. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің 
берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
 
      5. Басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсету 
немесе бұрыннан бар міндеттерін орындаудан немесе нақты жасалған құқық бұзушылықтар үшін 
заңды жауаптылықтан жалтару мақсатымен осы Кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық 
актілермен берілген құқықтарды олардың мақсатына қайшы келетіндей етіп пайдалануға тыйым 
салынады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет