қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа, төрелікке, Қазақстан
кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге және өзге де органдарға жүгінуге;
11) татуласу рәсімдері арқылы дауларды реттеуге;
12) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық
актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына ықпал ететін себептер мен
жағдайларды жою туралы ұсыныстарды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауына
енгізуге;
13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі шаралары ретінде әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелмеген өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген құқықтарды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: