10) кредиттік бюролар қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты
қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
шағын кәсіпкерлік, оның
ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері деп танылмайды.
Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар – орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 6-тармағында белгіленген
өлшемшарттарға сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген
салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік
субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша өлшемшарт пайдаланылады.
5. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, осы баптың 3 және 6-тармақтарына сәйкес шағын
және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
6. Кәсіпкерлікті жүзеге асыратын және мынадай өлшемшарттардың біреуіне немесе
екеуіне сай келетін: жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу
адамнан асатын және
(немесе) жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті
қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион
еселенген мөлшерінен асатын дара кәсіпкерлер мен заңды
тұлғалар ірі кәсіпкерлік
субъектілері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: