Кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметіне әлеуметтік жауапкершілікті ендіруіне
мемлекет кепілдік береді және оны көтермелейді.
21-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы
1. Мемлекет кәсіпкерлік қызметке осы Кодекспен және Қазақстан
Республикасының заңдарымен шектелген шекте қатысады.
2. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті және бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекеттің
кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін кәсіпкерлік саласында мемлекеттік заңды тұлғалар,
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар құруды шектеу арқылы қысқартуға
бағытталған шараларды қолданады.
РҚАО-ның ескертпесі!
22-бап өзін-өзі реттеу туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін
қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015
N 375-V
Кодексімен.