Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Мемлекеттік қадағалау



Pdf көрінісі
бет115/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

135-бап. Мемлекеттік қадағалау
 
      1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан 
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi 
мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында 
және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.
 
      2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, 
жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.
 
      3. Қадағалау:
 


      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес 
мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
 
      2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген 
тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып 
бөлiнедi.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет