133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды
және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және
(немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс
жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске
асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
жағдайларда жүргiзедi.