жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге
жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық
жиынтық кестесін ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанына дейінгі және
ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың
және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер)
жатқызылады.
Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;
2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының
нәтижелеріне;
3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші
мемлекеттік органдар ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді
(объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді
әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар
мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
4. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда)
тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті
орган бекітеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді
бағалау жүйесін қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес,
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялығы ескеріле отырып,
Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру
әдістемесінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген
негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де
нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
6. Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және
қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер)
жатады.
7. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері
қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтар бойынша
жатқызуды, сондай-ақ тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі жоғарыға
жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлуді әрбір бақылау
және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
8. Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай
тексерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: