2) тақырыптық болып бөлінеді.
Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау
мәселелерінің кешені бойынша тексеру – кешенді тексеру болып табылады.
Тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Кодекстің 132-бабының 2-
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
талаптарды сақтаудың
жекелеген мәселелері бойынша тексеру – тақырыптық тексеру болып табылады.
3. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:
1) тексеру нәтижесінде және бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының
нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың,
ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін
және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына,
қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян
келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке
және заңды тұлғалардың
өтініштері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін
және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына,
қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян
келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы
нақты фактілер
бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың,
мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не зиян келтіру қатері туралы нақты
фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн
субъектi азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
8) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін субъектінің өтінішіне
байланысты
қайта тексеру;
9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік
кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
10) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, «Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 627-бабында
айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;
11) тексерiлетiн субъектiнiң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр әрекеттердi
жүзеге асыруының басталғаны туралы хабарлама беруi;
12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын,
Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының
бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық
сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.
4. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне
қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға
негiз болған фактiлер
мен мән-жайлар жатады.
6. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары,
инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған
немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда, объектiлерге жоспардан
тыс тексеру
тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы
актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.
7. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау,
сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық
техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу
мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар
етпестен жүргiзiледi.
8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе
субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан
тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар
етпестен және тексерудi
тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге
асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн
жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден
едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.
9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк
органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент
заңды тұлғалардың
құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркеместен жүзеге асыратын
бейрезидент заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
10. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы
Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: