Спонтанды пневмоторакста, кґкiрек ќуысы мїшелерініѕ ыєысуында еѕ бiрiншi



Дата05.09.2023
өлшемі125,5 Kb.
#180239
Байланысты:
1 РК КАЗ вопросы
Inkljuzivnoe-obrazovanie, 0006d4a3-f65a4d37, психотропты дәрілік препараттар

БАҚЫЛАУ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

№1 аралық бақылауға арналған тестілік тапсырмалар





  • БББ атауы: Жалпы медицина

  • Пәннің коды: ZhDTF6301

  • Пәннің атауы: ЖДТ-гі фтизиатрия

  • Оқу сағаттарының саны / кредиттер: 90/3

  • Оқу курсы мен семестрі: VІ/IX-Х

Құрастырған:


1.Серхожаева Т.Х.- кафедра ассистенті_______

Фтизиатриядан ЖТД дәрігер интерндеріне арналған тест сурақтар – 179 тест
Аралық бақылау - 1

  1. Адамдарға қосымша туберкулез инфекциясының көзi:

  2. Туберкулез қоздырғышын анықтау ... әдiсi ең сезiмталы.

  3. Флюорография әдісімен өкпе патологиясы анықталғанда ... қайта тексеру жүргізілуі қажет.

  4. Профилактикалық флюрографиялық бақылауда ... жоғары эффективтілікті көрсетпейді.

  5. Өкпе туберкулезiн зерттеуде клиникалық минимумға... ЖАТПАЙДЫ.

  6. Қақырықты микобактерия туберкулезіне бактериоскопиялық зерттеуді қажет ететіндер:

  7. Туберкулез микобактериясын табуда зәрдi бактериологиялық зерттеуге қажеттілігі

жоқ халық тобы:

  1. 2 ТБ Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда оң деп есептелiнедi.

  2. Ересектерде 2 ТБ Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда гиперергиялық деп есептелінедi.

  3. Қарапайым бактериоскопияда 1 мл қақырықта туберкулез микобактериясы саны ...

дейiн болады.

  1. 1 мл қақырықта люминисцентті микроскопияда ..... туберкулез микобактериясы анықталады.

  2. 1 мл қақырықта туберкулез микобактериясының саны... болса егу әдісінде анықталады.

  3. Флотация әдiсi арқылы 1 мл қақырықта туберкулез микобактериясының... дейiнгі саны анықталады.

  4. Өкпе туберкулезiнде көбiнесе ... сегменттерi жиi зақымдалады.

  5. Екiншiлiк туберкулездiң бiрiншiлiк туберкулезден айырмашылығы ...

  6. Ерте туберкулездi интоксикация бұл:

  7. Ерте туберкулездi интоксикацияда ... зақымдалуы морфологиялық субстрат болып

табылады.

  1. Ерте туберкулездi интоксикация ... айға дейiн болады.

  2. Туберкулездi интоксикация ... асқан жағдайда созылмалы болады.

  3. Созылмалы туберкулездi интоксикацияға ... ЖАТПАЙДЫ.

  4. Туберкулез инфекциясының бiрiншiлiк кезеңiне...тән.

  5. Бiрiншiлiк туберкулездi инфекция кезеңiне өкпеден тыс туберкулездiң тән түрi:

  6. Бiрiншiлiк туберкулез кезiнде перифериялық қан өзгерiстерi ... сипатталады.

  7. Мына рентгендік көрініс: өкпе алаңында ошақты және инфильтративті өзгерістер жоқ, өкпе түбірі өлшемі, пішіні, құрылымы қалыпты – бұл ... тән.

  8. Өкпе алаңында медиастинумға қосылған шеті тегіс емес, гомогенді емес фокус түрінде интенсивті қараю, өкпе түбірі кеуде ішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюынан кеңейген рентгендік көрініс тән:

  9. Өкпе суретi күшейген, өкпе түбiрi кеңейген, интенситвлiгi жоғарылаған, сыртқы

контуры бұдырлы рентгенологиялық көрiнiс ... тән.

  1. ... пневмонияға ұқсас өтедi.

  2. Қазіргі кезде туберкулезді бронхоадениттің көп кездесетін түрі:

  3. Кеуде ішілік лимфа түйiндерiнiң ... түрінде рентгенде перифокальді қабыну көбірек кездеседі.

  4. Бiрiншiлiк туберкулездi кешен мен бронхоаденит кезiнде, бронхтардың клинико- рентгенологиялық көрінісінде... байқалмайды.

  5. Өкпенiң диссеминирленген туберкулезiнiң пайда болуы үшiн ... маңызды емес.

  6. Өкпе диссеминациясына жиi алып келетiн зақымдалу көзi, бұл:

  7. Өкпенiң диссеминацияланған туберкулезi, бұл:

  8. Диссеминацияланған туберкулезде байқалады:

  9. Жедел диссеминацияланған өкпе туберкулезі:

  10. Жедел диссеминацияланған туберкулезде науқасқа тән жағдай мен шағым:

  11. Созылмалы диссеминирленген туберкулез науқастарына тән жағдай мен шағым:

  12. Милиарлы туберкулезде рентгенологиялық зерттеу мәлiметтерi ... көрiнiстен тұрады.

  13. Жеделдеу диссеминирленген туберкулездiң рентгенологиялық көрiнiсi:

  14. Созылмалы диссеминирленген туберкулездiң рентгенологиялық көрiнiсi:

  15. Өкпенiң белсендi созылмалы диссеминацияланған туберкулезiнде көбiнесе бактерия бөлушiлiк ... болады.

  16. Ересектердегi ошақты туберкулездi анықтау үшiн қолданылатын әдiс:

  17. Ошақты туберкулездiң сипаты және фазасы ... анықталмайды.

  18. Ошақты туберкулездiң ыдырау сатысындағы науқасқа тән шағымға ... ЖАТПАЙДЫ.

  19. Өкпенiң ошақты туберкулезiнде науқастың жалпы жағдайы, көрiнiсiне ... БОЛУЫ ТӘН ЕМЕС.

  20. Жұмсақ ошақты туберкулезде көкірек қуысы ... болуымен сипаталады.

  21. Фиброзды-ошақты туберкулезге тән көкірек қуысы:

  22. Жұмсақ ошақты туберкулезде өкпенің аускультациясында және перкуссияда ... .

  23. Фиброзды-ошақты туберкулезде аускультацияда және перкуссияда

  24. Жұмсақ ошақты туберкулезде перифериялық қандағы өзгерiс ...

  25. Жұмсақ ошақты туберкулезде қақырықта ТМБ:

  26. Өкпенiң инфильтративтi туберкулезi ... сипатталады.

  27. Домалақ және лобулярлы ыдыраусыз инфильтрат кезiнде ... болады.

  28. Бұлт тәрiздес инфильтраттың ыдырау сатысында рентгенде ... анықталады.

  29. Ыдыраусыз дөңгелек инфильтрат рентгенiнде ... анықталады.

  30. Туберкуломада ... клинико-рентгендiк варианттар болады.

  31. Туберкуломада рентген суретi ... сипатталады.

  32. Тұрақты туберкуломаға ... рентген көрiнiсi тән.

  33. Үдемелі ағымдағы туберкуломаға ... рентген көрiнiсi тән.

  34. Рентгенограммада регрессирлеушi туберкуломада ... болады.

  35. Тұрақты туберкуломада лабораториялық тексеруде ... болады.

  36. Ұдемелі туберкуломада лабораториялық мәлiметте ... болады.

  37. Жұлын сұйықтығының түссіз, мөлдір, цитоз 5кл, қант -2,4ммоль/л,хлорид-120 ммоль болуы ... тән.

  38. Туберкулезге қарсы препараттармен емдеу барысында, науқас көзі көруінің төмендеуіне шағымданса ... кері әсері деп ойлау керек.

  39. Егер науқас активті туберкулезбен бірге бір жыл бұрын вирусты гепатитті өткерсе, онда оған ... тағайындаудан қалыс қалу керек.

  40. Жасушаішілік белсенділікке ... ие.

  41. Миллиарлы туберкулезге тән симптом:

  42. Жасөспірімдерде кездесетін туберкулездің клиникалық түрі:

  43. Жасушадан тыс белсенділікке ие препарат - ...

  44. Қақырықты МТБ-ға микроскопиялық анықтау ... жиналады.

  45. Туберкулезбен ауыратын науқастың дем алу актісі кезінде кеуде қуысында ауру сезімінің болуы ... білдіреді.

  46. Туберкулезді лобит:

  47. Диссеминацияланған туберкулез ... асқынады.

  48. Изониазидтің жанама әсерлері:

  49. Инспираторлы ентігу:

  50. Пиразинамидтің жанама әсері:

  51. Этамбутолдың спецификалық жанама әсері:

  52. Туберкулезді ауруға арналған диета:

  53. Өкпенің ошақты туберкулезінде ең маңызды рентген көрініс:

  54. Диссеминацияланған туберкулездің бейспецификалық туберкулезден қайтымды даму рентген көрінісі:

  55. Туберкулездің активті процесін ... көрсетеді.

  56. Қышқылға тұрақтылық штампын ... бояу әдісі анықтайды.

  57. Жасөспірімдегі біріншілік туберкулездің клиникалық түрлеріне ... ЖАТПАЙДЫ.

  58. Туберкулезді менингитке ... плеоцитоз тән.

  59. Өкпенің ошақты туберкулезінің белсенділігін рентгенде ... көрсетеді.

  60. Өкпенің инфильтративті туберкулезі ... көбірек дамиды.

  61. Диссеминацияланған туберкулезі ажыратамыз ...

  62. Туберкулезді менингиттің ағымындағы анықталатын кезеңдер.

  63. Жамбас мүшелері функциясының өзгерісі ... кездеседі.

  64. Өкпенің ошақты туберкулезі патогенезінде ... кездеседі.

  65. Бронхолобулярлы инфильтраттың рентгенограммасы:

  66. Казеозды пневмонияның рентгенограммасы:

  67. Инфильтраттардың дамуына ... әсер етеді.

  68. Милиарлы туберкулездің ерте кезеңін ... ажырату керек.

  69. Туберкулезді менингиттің продромальді периодының ұзактығы ... болады.

  70. Ентігу, «үрмелі» (лающий) ұстама тәрізді жөтел ... тән.

  71. Туберкулезге қарсы препараттармен емделгенде есту қабілеті төмендесе, ол ... әсері.

  72. Туберкулезді менингиттің патогенезі бойынша 2 таралу жолы бар:

  73. Диссеминацияланған туберкулез ... асқынады.

  74. Жедел диссеминацияланған туберкулездің симптоматикасы:

  75. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің бацилла бөлу патогенезі ....кезінде болады.

  76. Біріншілік туберкулездегі өкпелік аффектің орналасуы:

  77. Туберкулездегі латентті микробизм бұл:

  78. Созылмалы туберкулезді улану кезіндегі жүрек тондары:

  79. Өкпе туберкулезінде ентікпе ... байланысты.

  80. Егер науқастың қақырық анализі екі рет теріс нәтиже берсе, туберкулез симптомдары тұрақты болса, онда оған:

  81. Медициналық қызметкер қақырықтың зертханаға .... жіберілуіне жауап береді.

  82. Өкпенің регрессирлеуші туберкуломасының ағымы:

  83. Өкпе туберкуломасының бронхографиялық көрінісі:

  84. Түбірлік инфильтрат:

  85. Ұдемелі туберкулома ағымы ... сипатталады.

  86. Туберкулез төмпешігінің ревматикалық, мерездік, Бек саркойдозынан өзіне тән айырмашылығы:

  87. Кеуде қуысының рентгенограммасында кеңейген өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан қараю ... анықталады.

  88. Өкпе туберкулезінде ең көп таралған симптом ... болып табылмайды.

  89. Шеті анық дөңгелек немесе овал пішінді интенсивті қараю, кейде төменгі полюсте орақ тәрізді жарқырау, айналасында полиморфты майда ошақтар ...тән.

  90. Микробиологиялық ТМБ анықтау үшін патологиялық материал ... болып табылмайды.

  91. Туберкулез микобактериясының негізгі белгісі:

  92. Туберкулез микобактериясының морфологиялық сипаттамасы:

  93. Туберкулез микобактериясының биохимиялық сипаттамасы:

  94. ТМБ кальцинаттарда ... түрде сақталады.

  95. Бiрiншiлiк туберкулездiң клиникалық түрлерiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  96. Туберкулезде кездесетiн параспецификалық реакцияларға ... ЖАТПАЙДЫ.

  97. Сукенникованың жiктелiсi бойынша кеуде iшiлiк лимфа бездерiнiң негiзгi

топтарына ... ЖАТПАЙДЫ.

  1. Инфильтративтi бронхоадениттiң клиникалық белгiлерiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  2. Кеуде iшiлiк лимфа түйiндерi туберкулезiнiң инфильтративтi түрiнде рентгенологиялық ... сипаттамасына ТӘН ЕМЕС;

  3. Біріншілікті туберкулездi комплекстiң өкпелiк компонентi өршiгенде ... дамиды.

  4. Гон ошағы дегенiмiз:

  5. Қабынудың ... сатысы бiрiншiлiк туберкулезде басым.

  6. Симон ошағы дегенiмiз:

  7. Кеуде iшiлiк лимфа түйiндерi туберкулезiнiң асқынған түрiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  8. Бастапқы туберкулездi кешен ... асқынады.

  9. Туберкулез инфекциясынан адам организiмi қорғанғанда ... иммунитет болады.

  10. Туберкулезде аллергиялық реакция:

  11. Туберкулездi менингитке ТӘН ЕМЕС белгi:

  12. Ошақты өкпе туберкулезiнiң патогенезiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  13. Өкпе туберкулемасын анықтауда негiзгi әдiске ... ЖАТПАЙДЫ.

  14. Патоморфологиялық өзгерiстерi бойынша туберкулеманың негiзгi түрлерiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  15. Өкпе туберкулемасы ... сипатталады.

  16. «Мөр тәріздес» каверналар өкпеде … түзiледi.

  17. Жүктiлiк кезiнде ... қабылдауға болмайды.

  18. Туберкулездi гранулемада эпителиоидты жасушаларда... өндiрiледi.

  19. Жеделдеу диссеминацияланған өкпе туберкулезiнiң рентгенологиялық синдромына ... ЖАТПАЙДЫ.

  20. Жедел диссеминацияланған өкпе туберкулезiнiң белгiлерiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  21. Милиарлы өкпе туберкулезiнiң бастапқы белгiлерiне ... ЖАТПАЙДЫ.

  22. Милиарлы туберкулез кезiнде өкпеде деструктивтi өзгерiстер:

  23. Өкпенiң жедел диссеминацияланған туберкулезiнде рентгенологиялық өзгерiстер ... кейiн байқалады.

  24. Бронхогендi диссеминациядан гематогендi диссеминацияның айырмашылығы:

  25. Гематогендi диссеминациядан бронхогендiнiң айырмашылығы:

  26. Өкпенiң милиарлы туберкулезiнiң өкпелiк түрiне ... ТӘН ЕМЕС.

  27. Жедел диссеминацияланған туберкулезде туберкулиндi сезiмталдық:

  28. Диссеминацияланған туберкулезде жиi кездесетiн өкпеден тыс зақымдалу:

  29. Өкпелiк диссеминация синдромы ... ауруында ТӘН ЕМЕС.

  30. Туберкулезді менингиттің базилярлы түріне тән:

  31. Туберкулездi менингитке ... цитоз тән.

  32. Туберкулездi менингит диагностикасы үшiн ... МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.

  33. Туберкулездi менингитте ликворындағы қант деңгейі:

  34. Туберкулезді менингиттің базилярлы түрінің белгілеріне ТӘН ЕМЕС:

  35. Туберкулездi менигитпен ауыратын науқас ликворындағы белок деңгейі:

  36. Өкпе резекциясына қарсы көрсеткiш:

  37. Емдiк резистенттiлiктiң дамуына алып келмейді:

  38. Жеделдеу диссеминирленген өкпе туберкулезінің рентгенологиялық белгілеріне жатпайды:

  39. Өкпенің диссеминирленген процессінің дифференциальды диагностикасында ... ең ақпаратты зерттеу әдісі (төменде келтірілгендерден).

  40. 50 жастағы науқас 10 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған, толық емдеу курсынан кейін Д есептен шығарылған. Кәзіргі уақытта дене қызуы 38 С жоғарылаған, әлсіздік, түнгі терлегіштікке шағымданады. Рентгенограммада: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараюлар бар, өкпе түбірі құрылымды, синустар бос. Қақырық анализінде ТМБ анықталды.

Сіздің диагнозыныз:

  1. 35 жастағы науқас әйел кеуде клеткасының ауырсынуына, қан аралас қақырықты жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Субфебрильді температура 5 күн бойы сақталуда, ТМБ анықталмады. Қаның жалпы анализінде: лейкоциттер – 9,5 х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. 7 7 Рентгенограммада: оң өкпенің 2-ші сегментінде интенсивтілігі төмен диаметрі 4 см контурлары айқын емес гомогенді көлеңке көрінеді. Мейлінше мүмкін диагноз:

  2. 27 жастағы науқас 5 ай бұрын мына диагнозбен есепке алынған: Өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті тубекулезі, оң жақты эксудативті плевритпен асқынған. ТМБ теріс . Қарқынды емдеу фазасы изониазидпен , рифампицинмен, пиразинамидпен, этамбутолмен 4 ай бойы жүргізілген. Емдеу барысында қақырықта микобактерия анықталмаған, МТ қоректік ортаға еккенде, анықталмады. Қазіргі уақытта науқас емнің қарқынды фазасын аяқтады. Рентгенограммада: динамика жоқ. Қақырық анализінде МТ анықталды.

Науқасты жүргізудің дұрыс тәсілі:

  1. 25 жасар науқас туберкулез ошағында болған. Келесі шағымдармен стационарға келіп түсті: бас ауыру, құрғақ жөтел, дене қызуының 390С-қа жоғарлауы, тәбетінің төмендеуі. Ауырғанына 1 апта болған. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, ентігу жоқ. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз-эластикалық консистенциялы. Өкпеде перкуторлы зерттегенде оң аймақта 2-3 қабырғааралықта өкпе дыбысының тұйықталуы байқалады. Аускультацияда осы жерде тынысы әлсіреген, тыныс шығаруы ұзарған, сырылдар жоқ. Гемограммада Л -9,1х109/л, т/я – 6, лимфациттер – 18, ЭТЖ-26 мм/сағ. Манту сынамасынареакциясы 2ТБ – папула 20 ммлимфангоитпен. Рентгенограммада: оң өкпеде ІІ сегмент аймағында интенсивтілігі орташа. Сіздің диагнозыңыз:

  2. 28 жастағы науқас әлсіздікке, аз өнімді жөтелге шағымданады. Өкпені физикалды зерттегенде патология анықталған жоқ. Қан анализі: лейк. – 7,6 х 109/л, лимфоциттер – 17%, ЭТЖ - 27 мм/сағ. Өкпенің рентгенографиясы: диаметрлері 1,5 – 2 см қосылған фокустар, перициссурит.

Неғұрлым мүмкін диагноз:

  1. Науқаста ауру жедел басталған, дене температурасы кенет 40º С-ға жоғарылаған, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар, ликвор жиі тамшымен ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди реакциясы оң. Тұрғанда фибринді жабын түзіледі. Қақырық анализінде 3 порциясында туберкулез микобактериясы теріс . Дұрыс диагноз:

  2. 32 жастағы науқас ауруы жедел басталған; дене қызуы 40С дейін көтерілу, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар байқалған. Жұлын сұйықтығы жиі тамшылап ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди сынамасы оң; тұнғанда фибринді қабық түзеді. Қақырық анализінде 3 порциясында да МБ теріс . Ең нақты диагнозы:

  3. Менингеалды синдромды анықтаудағы дәрігер-фтизиатрдың алғашқы әрекеті:

  4. 30 жастағы науқаста туберкулездік менингит анықталған. Төсектік тәртіпті сақтаудың неғұрлым тиімді ұзақтығы:

  5. 42 жастағы науқас ауруы жедел басталған; дене қызуы 40С дейін көтерілу, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар байқалған. Жұлын сұйықтығы жиі тамшылап ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди сынамасы оң; тұнғанда фибринді қабық түзеді. Қақырық анализінде 3 порциясында да МБ теріс . Ең нақты диагнозы:

  6. Науқас 6 жаста ауру жедел басталған, дене температурасы кенет 40º С-ға жоғарылаған, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар, ликвор жиі тамшымен ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди реакциясы оң. Тұрғанда фибринді жабын түзіледі. Қақырық анализінде 3 порциясында туберкулез микобактериясы теріс. Дұрыс диагноз:

  7. 9 жастағы науқас ауруы жедел басталған; дене қызуы 40С дейін көтерілу, жүрек айну, құсу, айқын менингеальді симптомдар байқалған. Жұлын сұйықтығы тамшылап ағады, сұйықтық мөлдір, түссіз, лимфоцитарлы, Панди сынамасы оң; тұнғанда фибринді қабық түзеді. Қақырық анализінде 3 порциясында да МБ теріc. Ең нақты диагнозы:

  8. Науқас 12 жаста 1 ай көлемінде мына диагнозбен ем қабылдауда: оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, туморозды формасы, ТМБ(+). Науқастың жағдайы нашарлаған, ұстама тәрізді айқын, күніне 50,0 мл қақырық бөлінеді, жөтел мазалайды, төс арты ауырсынусыз, дене қызуының 38С градуска дейін көтеріледі, жөтел ұстамасында қақырыққа қан араласып шығады. Рентгенограммада: оң өкпеде бронхопульмоналді лимфа түйіндері ұлғайған, аралық бронхтық қуыс тарылған. Ең қолайлы скринингті зерттеу әдісі:

  9. Науқас 7 жаста, әлсіздік пен жоғарғы дене қызуына, салмақ жоғалтуға шағымданады. Бұғана үсті лимфа түйіні пальпацияланады. Рентгенограммада: өкпенің 1 сегменті бір текті емес қарайған, оң жақ трахеобронхиальді және трахея маңы лимфа түйіндерінің ұлғайғаны көрінеді. Қақырық анализінде: ТМБ(-) , ісік жасушалары анықталмады. ЭТЖ – 40мм/сағ. Диагностикадағы ең тиімді әдіс:

  10. Науқас С, 25 жаста 1 ай бойы ауырады. Шағымдары: айқын интоксикация, өнімді және кезеңді жөтел. Қақырық анализінің екі порциясында ТМБ оң. Өкпе рентгенограммасында екі жақты жоғарғы-ортаңғы бөлімдерінде, торлы сурет фонында полиморфты ошақты көлеңкелер анықталады. «Штампты» қуысы бар. Дұрыс диагноз қойыңыз:

  11. 15 жасар жасөспірім. «Іш сүзегі» диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне жолданды. 3 апта бойы ауырған. Өзін тұмаумен ауырдым деп ойлаған. 1 тәулік алдын жағдайы бірден нашарлаған. Бірден бас ауыру байқалған, интоксикация симптомдары айқын. Объективті: жағдайы ауыр, дене қызуы 390С. ТАЖ-42, пульсі -120. Аз ғана менингиальді белгілер бар. Өкпеде сырылдар естілмейді. Рентгенологиялық: барлық өкпе алаңында және екі өкпе аймақтарында біркелкі орналасқан 1-2 мм өлшемді мономорфты ошақтар, интенсивтілігі аз, бір-біріне бірікпеген. Сіздің диагнозыңыз:

  12. 24 жастағы науқас жедел ауырып үдемелі ентікпе, бас ауруы, құсу, 38,50С температура, әлсіздікпен ауруханаға түсті. Анамнезінде балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Рентгенограммада симметриялды контуры тегіс емес, аз интенсивті көлемі 2-3 мм дейін майда ошақты тотальды көлеңкелер. Қақырықта ТМБ анықталмаған. ЖКА лейкоцит 15*10/9 ЭТЖ 35 Жұлын-ми сұйықтығының анализінде : цитоз, 229 жасуша 1мм пленка алынған, белок 0,66 г/л.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет