Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексерудi ресiмдеу тәртiбi



Pdf көрінісі
бет132/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

152-бап. Тексерудi ресiмдеу тәртiбi
 
      1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi бойынша 
екi данада тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
 
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
 
      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
 
      2) бақылау және қадағалау органының атауы;
 
      3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған 
күнi мен нөмiрi;
 
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке 
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
 
      5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке 
басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе 
заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
 
      6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
 
      7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың 
сипаты туралы мәлiметтер;
 
      8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;
 
      9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан 
адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың 
қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
 
      10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.
 
      Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған 


орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) 
және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты 
басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi, олар болған кезде қоса берiледi.
 
      2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған 
жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және 
(немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
 
      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге 
қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.
 
      3. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн 
қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен бірге тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр 
данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да 
iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне 
тапсырылады.
 
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру 
нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары 
қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерiлетін субъект тексерудi 
жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлетін мерзiмдердi көрсете отырып, 
анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс 
күнінен кешіктірмей ұсынуға құқылы.
 
      5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын 
жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары 
тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, 
лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлетін әрекеттер 
туралы жазба жасауға мiндеттi.
 
      6. Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым 
салынады.
 
      Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік 
кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
 
      7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған 
жағдайда, тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
 
      8. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен 
кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн 
тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет