160-бап. Бәсекелестікті мемлекеттік реттеу мақсаттары
Бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал
бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы
жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын
және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы
Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, мемлекеттік органдардың,
жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз
бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары болып
табылады.