Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды инвестициялар
жөніндегі уәкiлеттi орган мынадай:
1) осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және
талдау негiзiнде жүзеге асырылатын камералдық бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне бару, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және
инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарау нысандарында
жүзеге асырады.