Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті



Pdf көрінісі
бет135/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

      155-бап. Тексерiлетiн субъектiнiң не оның уәкілетті
 
               өкілінің бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
 
               кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
 
      1. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылу кезiндегі тексерiлетiн субъектiлер не 
олардың уәкілеттік берілген өкілдері:
 
      1) тексеру жүргiзу үшiн келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды 
адамдарын объектiге тексеруге жiбермеуге:
 
      Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде көрсетілген, осы 
Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 
тексерулер және ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі сақталмаған;
 
      осы Кодексте белгiленген мерзiмдерге сәйкес келмейтін тексеру тағайындау туралы 
актiде көрсетiлген мерзiмдер асып кеткен не өтiп кеткен;
 
      осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бiр кезеңде сол бiр мәселе 


бойынша бұрын тексеру жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру 
тағайындаған;
 
      егер алдыңғы тексеру кезiнде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-
бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
 
      осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат 
пен құжаттар болмаған;
 
      егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан 
Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп 
жатқан қылмыстық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және 
мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнің бұзылуы туралы өзге де өтiнiштерде 
көрсетiлген уақыт аралығы шеңберiнен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
 
      тиiстi өкiлеттiктерi жоқ адамдарға тексеру жүргiзу тапсырылған;
 
      осы Кодекстің 144-бабының 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, 
тексерудi тағайындау туралы бiр актiде тексеруге тартылатын бiрнеше тексерiлетiн субъект 
көрсетiлген;
 
      тексеру мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген мерзiмнен асырып ұзартылған;
 
      осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел 
бұзылған жағдайларда;
 
      2) егер жүргiзiлетiн тексерудiң нысанасына жатқызылмаған немесе актiде көрсетiлген 
кезеңге жатқызылмаған болса, мәлiметтер бермеуге;
 
      3) тексерудi тағайындау туралы актiге, тексерудiң нәтижелерi туралы актiге және 
мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) осы 
Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым 
жасауға;
 
      4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерiлетiн 
субъектiлердiң қызметiн шектейтiн, заңға негiзделмеген тыйым салуларын орындамауға;
 
      5) тексерудi жүзеге асыру процесiн, сондай-ақ лауазымды адамның қызметiне кедергi 
келтiрместен, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегiмен лауазымды адамның тексеру 
шеңберiнде жүргізген жекелеген әрекеттерiн тiркеуге;
 
      6) өз мүдделерi мен құқықтарын бiлдiруі, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың осы 
тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттердi жүзеге асыруы мақсатында үшiншi 
тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
 
      2. Бақылау және қадағалау органдары тексерулер немесе тексерілетін объектіге бару 
арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргiзген кезде тексерiлетiн 
субъектiлер не олардың уәкілетті өкілдері:
 
      1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде, тексерiлетiн 
субъектiнiң аумағына және үй-жайына бақылау және қадағалау органдары лауазымды 
адамдарының кедергiсiз кiруiн қамтамасыз етуге;
 
      2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, 
бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық 
жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не тексерудiң нәтижелерi туралы актiге қоса 
тiркеу үшiн олардың көшiрмелерiн ұсынуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына 
сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
 
      3) тексерудi тағайындау туралы актiнiң екiншi данасында алғаны туралы белгi қоюға;
 
      4) жүргiзiлген тексерудің нәтижелерi туралы актiнiң екiншi данасында ол аяқталған 
күні алғаны туралы белгi қоюға;
 
      5) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше 
көзделмесе, тексерудi жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн құжаттарға өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзуге жол бермеуге;
 
      6) объектiге тексеру жүргiзу үшiн келген адамдардың осы объект үшiн белгiленген 
нормативтерге сәйкес зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қауiпсiздiгiн 


қамтамасыз етуге;
 
      7) хабарлама алған жағдайда, тексеру тағайындалған мерзімде тексерілетін объект 
тұрған жерде болуға мiндеттi.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет