мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
1) тиiстi шаралар қолдану үшiн мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған
кезде өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша
мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөніндегі уәкілетті органға
және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, сондай-ақ
жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
9. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының
инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы барысында:
1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес
сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес
сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау
Кеден одағы Комиссиясы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: