қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда
міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің
тексерулерін қоспағанда), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-
тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын
қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2
және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті
қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде
туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру
туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң
ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау,
олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу «Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi)
айқындалады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта
ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды
тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл
бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша
тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген
қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық
заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін
жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің,
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың
айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты
бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: