Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы



Pdf көрінісі
бет175/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

202-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы
 
               өтінішхат беретiн тұлғалар
 
      1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда 
монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық 
субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.
 
      2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген 
экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты дауыс беретін акцияларды 
(жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларды), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық 
емес активтердi сатып алатын немесе тиiстi құқықтарды иемденетін тұлға монополияға қарсы 
органға бередi.
 
      3. Егер осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында 
көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты 
мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта 
экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн 
монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттiк берілген тұлға көрсетiледi.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет