1. Нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) осы Кодекстің 174-
бабының 3), 5) және 7) тармақшаларында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды
теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган үстем немесе монополиялық
жағдайға ие нарық субъектісіне оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені
туралы хабарламаны тергеп-тексеру жүргізбестен жібереді.
Хабарлама көрсетілген белгілердің бар екені туралы монополияға қарсы органға
белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Хабарлама беру тәртібі мен оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.
2. Егер нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерін (әрекетсіздігін) он
жұмыс күні ішінде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы
шешім шығарады.
3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға
қарсы орган сол нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) осы баптың 1-
тармағында тізбеленген үстем немесе монополиялық жағдайлардың бірінің теріс пайдаланылуы
белгілерін тапса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу
туралы шешім шығарады.