(жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты)
монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар
кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын
жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы
субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн
азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
өкiлеттiктерi көрсетіле отырып, хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші)
тұлғаның оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалар
тiзбесi;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе
сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және
басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына,
директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi
жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына,
директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да
басқару органдарына кiруi
жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын
айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу
шарттарын айқындайтын әрбiр нарық субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар
көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына
импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын
нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу
шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн сол
бір немесе өзара алмастырылатын
тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен
Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
Достарыңызбен бөлісу: