Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық



Pdf көрінісі
бет182/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

209-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық
 
               шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм
 
               қабылдауы
 
      1. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органға хабарлама 
келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган 
хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы нұсқама жiбермесе, 
экономикалық шоғырлану жүзеге асырылды деп есептеледі.
 
      2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны 
қарау кезiнде оны жасау бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық 
субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға 
әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтаса, монополияға қарсы орган 
мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiс 
нұсқама шығарады.
 
      3. Мәміленің күшін жою қажеттілігі туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, 
монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның осы нұсқамасын 
орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет