19-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
212-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердің
монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылы
1. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы органдары өзара іс-
қимылды, оның ішінде ақпарат беру туралы хабарламалар, сұрау салулар жіберу,
консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарландыру арқылы жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге де
мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және олардың сұрау
салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.