Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы
өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы
заңнамасының бұзылуы туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылауды
жүзеге асыру және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген
өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына тергеп-тексеру
жүргізу туралы шешімдерін көрсеткен кезінде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік
органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде
мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен,
лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген
бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және
алуға құқығы бар.