20-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
216-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуын
тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексереді және тергеп-
тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тергеп-тексеру деп монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе
жоққа шығаратын нақты деректерді осы Кодексте көзделген тәртіппен жинауға бағытталған
іс-шаралары түсініледі.
2. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің келіп түсуі тергеп-тексеруді
бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының
бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу
белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық
субъектісінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу
белгілерін анықтауы;
4) монополияға қарсы органға келіп түскен, Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы
бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы болып табылады.
3. Тергеп-тексерудiң басталуы тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен
ресiмделедi.
4. Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін
қоспағанда, тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен
бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне
жiберiледi.
Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне
тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi тергеп-тексеруді жүргізу кезінде
тапсырылады.