2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино
түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің
дәлелдемелері бола алады.
2. Дәлелдемелерді жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге
асырады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының
бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар нақты деректер ұсынуға және олардың
анықтығын дәлелдеуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: