5) куә – тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір
мән-жайлар өзіне белгілі
болуы мүмкін кез
келген жеке тұлға;
6) сарапшы – арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске мүдделі емес жеке
тұлға болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысатын тұлғалар өз құқықтары мен
міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның
әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын бұзу белгілері
бар екендігі анықталса,
монополияға қарсы орган
мұндай тұлғаны осы Кодекстің 216-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі
ретінде тартады.
Достарыңызбен бөлісу: